Үй тапсырмаларымен жұмыс істеу

Жүйеге үй тапсырмалары туралы ақпаратты енгізу негізінде бірқатар есептер құрастырылады, мысалы, "ЭЖК жүргізу статистикасы", "Белсенділік: Жалпы", "ҮТ орындау уақыты".

Жүйеде есеп дұрыс құрылу үшін, кестеде құрылған әрбір сабаққа, күнтізбелік жоспарлауда үй тапсырмасы тағайындалуы тиіс. Егер пән бойынша сабақтарда үй тапсырмалары жоқ болса, онда "ҮТ сабақтарының %" бағанасында "ЭЖК жүргізу статистикасы" есептерінде 0%-ға тең болады, бұл дұрыс көрсеткіш болып табылады.

Үй тапсырмасының күйін өзгерту

Оқушылардың үй тапсырмаларының орындауына қарай, берілген үй тапсырмаларды «Орындалды» күйіне ауыстыру қажет. Осы көрсеткіштің негізінде «Белсенділік: жалпы» есебінің мәні құрылады.

 

 

 

Үй тапсырмасының күйін өзгерту үшін қажет:

  • «Мектеп - Үй тапсырмалары» қойындысына кіру»;
  • үй тапсырмаларын көрсету параметрлерінің баптауында көрсету:
    • оқу жылы;
    • пән;
    • сынып;
    • үй тапсырмасын берген қызметкер;
    • үй тапсырмасын орындау мерзімін көрсету.
  • «Табу» батырмасын басу:

 

 

  • одан әрі күйін өзгертуге қажет үй тапсырмасының мәтініне басу қажет:

 

 

  • үй тапсырмасының бетінде үй тапсырмасының күйін жаппай өзгерту үшін «Күйі» бағанындағы «Қосу» бастырмасына басу қажет:

 

 

  • жеке оқушылардың үй тапсырмасының күйін өзгерту үшін, таңдаған оқушының аты-жөніне қарама-қарсы «Күй» бағанасында үй тапсырмасы күйінің мәніне басу қажет:

 

 

  • ашылмалы тізімде үй тапсырмасын орындаған үшін оқушыға «Орындалды» күйін басу немесе, егер оқушыға үй тапсырмасы қате берілсе «Бас тарту» мәртебесін таңдау.

Үй тапсырмасын беру параметрлерін баптау

Пән бойынша мұғалімнің үй тапсырмасын жасау кезде келесі параметрлерді баптау мүмкіндігі бар:

  • баға түрі;
  • журналдардағы көріну деңгейі:
    • көрсету (осы параметрді таңдағанда, журналда осы үй тапсырмасы үшін баған пайда болады);

Ескерту: үй тапсырмалары үшін бағалар журналда сұр түспен беогіленеді.

    • көрсетпеу (үй тапсырмасының бағалары пән журналында көрсетілмейді).
  • үй тапсырмасын тексеру қажеттілігі:
    • тексеру талап етіледі (пән бойынша мұғалім орындалған үй тапсырмаларымен танысқанша және олардың күйін өзгертпегенше, үй тапсырмасы жабылмайды);
    • тексеру талап етілмейді (оқушылардың үй тапсырмасы орындалғаннан кейін жабылады).
  • нәтижесі бар файлды жіберу қажеттілігі:
    • нәтижесі бар файл қажет (оқушыларда файлды үй тапсырмасына қосу мүмкіндігі пайда болады);
    • нәтижесі бар файл қажет емес (оқушыларда орындалған үй тапсырмасы бар файлды қосу мүмкіндігі болмайды):

 Жүктелген файлдың ең үлкен өлшемі - 12 Мб 

Ескерту: үй тапсырмасының параметрлерін, үй тапсырмасын жасаған кезде сабақ бетінен «ҮТ Қосу» батырмасын басу арқылы немесе «Мектеп - Үй тапсырмалары» бетінде «ҮТ Қосу» батырмасын басу арқылы реттеуге болады:

 

 

Ескертулер:

  • үй тапсырмасы берілген сабақ күні басталғаннан кейін, үй тапсырмасының мәтінін өзгерту ұсынылмайды;
  • жүйеде үй тапсырмаларын жаппай жабу мүмкін емес.

Комментарии