Қағаз журналдың баламасын басып шығару (журналды басып шығарудың толық нұсқасы)

Жүйе тек бір батырманы басу арқылы қағаз журналының баламасын басып шығару мүмкіндігі жүзеге асырылған!

Журналды басып шығару үшін тек 4 қадамды орындау қажет:

Қадам 1. «Мектеп» - «Журналдар» бөлімін ашу.

Қадам 2. «Басып шығару» бөліміне өтіп, қажетті сыныпты таңдау.

Қадам 3. Басып шығару түрін «Бір сынып үшін толық жылға» таңдау.

Қадам 4. «Журналды басып шығару» батырмасын басу.

Келесі қадамда журналдағы пәндердің кезектілігін таңдау ұсынылады. Пәндердің реттілігін тінтуірдің көмегімен пән атауы бар жолды ұстап тұрып, оны тізімнің керекті орнына апару арқылы өзгертуге болады. Пәндердің қажетті реттілігі орнатылған кезде, тізімнің соңындағы «Дайын» батырмасын басу керек.

Электронды сынып журналының баспа нұсқасы қағаз журналының әдеттегі форматына сәйкес келеді.

Төменде басып шығарылмайтын пәндер (пәндердің параметрлерінде «Куәландырусыз» таңдалынған) көрсетілген. Бұл пәндерді тізімнің жоғарғы жағына апару арқылы басып шығаруға болады.

Комментарии