Кестені Word бағдарламасынан Excel бағдарламасына қалай көшіруге болады?

Жүйеге деректерді (күнтізбелік жоспарлау, тұлғалар тізімі, журналдар) импорттау үшін Excel форматындағы файлдар ғана қолданылады.

Word форматында (.doc, .docx) кестелермен жұмыс істеу үшін, оларды Excel файлына (.xls, .xlsx) көшіру керек.

 

Кестені Word файлынан Excel файлына көшіру

1-қадам. Кестенің жоғарғы сол жақ бұрышындағы белгішені басу арқылы Word бағдарламасындағы бүкіл кестені таңдау.

2-қадам. Таңдалған кестенің кез келген жерінде тінтуірдің оң жақ батырмасын басу және "көшіруді" таңдау.

 

 

Ескерту: «буфер обмена» көшіру үшін, «Ctrl» + «C» пернелер косындысын пайдалануға болады.

3-қадам. Жаңа Excel файлын ашу.

Excel парағында көшірілген Word кестесін қою үшін, аймақтың сол жақ жоғарғы бұрышын таңдау керек.

«Главная» қойындысында «Буфер обмена» тобында «Вставить» басу.

 

 

Ескерту: кестені кірістіру үшін «Ctrl»+«V» пернелер қосындысын пайдалануға болады.

4-қадам. Көшірілген кестені форматын өзгерту үшін, оның кез келген ұяшығындағы тінтуірдің оң жақ батырмасын басу қажет.

 «Параметры вставки» бөлімінде келесі әрекеттер бар:

  • Форматты сақтау үшін, Excel-дегі парақ ұяшықтарына қолданылатын «Использовать форматы конечных ячеек» нұсқасын басу.
  • Word кестесін форматын сақтау үшін «Сохранить исходное форматирование» нұсқасын таңдау.

 

 

Ескерту: Excel-ге Word кестесіндегі әрбір ұяшықтың мазмұны жеке ұяшыққа салынады. Деректерді енгізгеннен кейін, олардың көшіруінің дұрыстығын тексеру міндетті.

Комментарии