«Үлгерімі: Сынып жетекшісіне» есебі

Таңдалған оқу кезеңі үшін «Үлгерімі: Сынып жетекшісіне» есебі осы есептік кезеңде барлық пәндер бойынша барлық қорытынды бағалар қойылғаннан кейін ғана автоматты түрде толтырылады.

Есепті құрастыру үшін келесі деректерді көрсету қажет:

  • оқу жылы;
  • сынып;
  • есептік күні.

Содан кейін «Есепті құрастыру» батырмасына басу қажет.

Ескерту: әдепкі түрде есеп ағымдағы күнге қалыптасады, бірақ интерактивті күнтізбе арқылы кез келген күнге деректерді таңдауға және көруге болады. 

 

Журналдың классикалық түрі орнатылған сынып үшін есеп

Есеп мынадай ақпаратты қамтитын кесте түрінде қалыптастырылады:

  • сынып оқушыларының аты-жөні;
  • пән атауы және осы пәндер бойынша сынып оқушыларының орташа балдары;
  • нақты пән бойынша және барлық пәндер бойынша оқушының орташа балы;
  • оқушылардың рейтингі (орташа балл негізінде қалыптастырылады); 
  • пән бойынша орташа балл;
  • пән бойынша білім сапасының %;
  • пән бойынша % ООЖ (оқушылардың білім алу деңгейі).

Ескерту: қорытынды бағалардың орнына ұяшықтарда есептік күнге дейін (қоса алғанда) қойылған пән бойынша білім алушының барлық ағымдағы бағаларының орташа балы көрсетіледі.

 

 

Есепте үлгерімнің аналитикалық параметрлерін есептеу үшін келесі формулалар қолданылады:

  • Орта балл = (бағалар саны «1»*1 + бағалар саны «2»*2 + бағалар саны «3»*3 + бағалар саны «4»*4 + бағалар саны «5»*5) / (бағалар саны «1» + бағалар саны «2» + бағалар саны «3» + бағалар саны «4» + бағалар саны «5»).

Сыныптың орташа балын есептеу кезінде осы сыныптың барлық оқушылардың барлық пәндер бойынша барлық бағалар қолданылады.

Ескерту: рейтинг - оқушылардың орташа баллдарының негізінде құрылады.

Ұйымның орташа балын есептеу кезінде осы ұйымның барлық оқушылардың барлық пәндер бойынша барлық бағалар қолданылады.

  • Білім сапасының жалпы % = ((үздік оқушылар саны + үлгерімі жақсы оқушылар саны) * 100%) / (жалпы оқушылар саны - «БОС» белгісі бар оқушылар саны), 

    мұнда
    • үздік – барлық пәндер бойынша барлық қорытынды бағалар «5-ке» ие оқушы;
    • жақсы – барлық пәндер бойынша барлық қорытынды бағалары «4» немесе ең болмағанда бір қорытынды бағасы «4» бар оқушы.
  • ООЖ (оқушылардың білім алу деңгейі) жалпы % = (% ООЖ пән бойынша 1 + % ООЖ пән бойынша 2 + % ООЖ пән бойынша 3 ... + % ООЖ пән бойынша N), мұнда N – бұл сыныптың оқушыларына берілетін пәндердің жалпы саны.
  • Пән бойынша ООЖ (оқушылардың білім алу деңгейі) жалпы = 

  • мұнда:
    • n2 – «1», «2», «ЕСЖ» пән бойынша қорытынды бағалар саны;
    • n3 - «3» пән бойынша қорытынды бағалар саны;
    • n4 – «4», «ЕСЖ» пән бойынша қорытынды бағалар саны;
    • n5 - «5» пән бойынша қорытынды бағалар саны;
    • n6 – «А/Ө» ән бойынша қорытынды бағалар саны.

 

Журналдың жиынтық түрі орнатылған сынып үшін есеп

Есеп мынадай ақпаратты қамтитын кесте түрінде қалыптастырылады:

  • сынып оқушыларының аты-жөні;
  • пән атауы және осы пәндер бойынша сынып оқушыларының орташа балдары;
  • нақты пән бойынша және барлық пәндер бойынша оқушының қорытынды БЖБ және ТЖБ;
  • нақты пән бойынша және барлық пәндер бойынша оқушының орташа балы;
  • оқушылардың рейтингі (орташа балл негізінде қалыптастырылады); 
  • пән бойынша орташа балл;
  • пән бойынша білім сапасының %;
  • пән бойынша % ООЖ (оқушылардың білім алу деңгейі).

Ескерту: Ағымдағы оқу жылы жиынтық бағалау сыныптарында есепті қалыптастыру кезінде «Есептік күн» мағынасы өзгермейді.

 

Критериалды журналы бар сыныптар үшін БЖБ және ТЖБ бойынша ақпарат «n/m» форматында бейнеленеді, мұнда n - нақты мән, m - БЖБ / ТЖБ үшін максималды мән.

Егер нақты мән болмаса, бірақ максималды мән болса: нақты мәннің орнына сызықша шығарылады: «-/m». Ең жоғарғы мән болмаған жағдайда, есепте ақпарат шығарылмайды.

  • БЖБ % әдепкі түрде «Критериалды бағалау журналды толтыру бойынша ескертпе» мақаласында сипатталған журналдың формуласы бойынша есептелген пән бойынша БЖБ жиынтық % шығарылады. 
  • Егер максималды мәні бар барлық БЖБ қойылмаса = қойылмаған БЖБ-ны есепке алмай (көрсетілген максималды мәнді есепке алмағанда) пайыз есептеледі.
    • есептелген % БЖБ сұр түспен бөлінеді: 

 

  • ТЖБ % әдепкі түрде «Критериалды бағалау журналды толтыру бойынша ескертпе» мақаласында сипатталған журналдың формуласы бойынша есептелген пән бойынша ТЖБ жиынтық % шығарылады.
  • Баға = әдепкі түрде «Критериалды бағалау журналды толтыру бойынша ескертпе» мақаласында сипатталған журналдың формуласы бойынша есептелген баға шығарылады.
    • егер пән бойынша баға «ЕСЖ», «ЕСЖ» және «БОС» болса = тиісті мән шығады.
  • Орта балл = (бағалар саны «1»*1 + бағалар саны «2»*2 + бағалар саны «3»*3 + бағалар саны «4»*4 + бағалар саны «5»*5) / (бағалар саны «1» + бағалар саны «2» + бағалар саны «3» + бағалар саны «4» + бағалар саны «5»).

Ескерту: рейтинг - оқушылардың орташа баллдарының негізінде құрылады.

  • Білім сапасының жалпы % = ((үздік оқушылар саны + үлгерімі жақсы оқушылар саны) * 100%) / (жалпы оқушылар саны - «БОС» белгісі бар оқушылар саны), 

    мұнда
    • үздік – барлық пәндер бойынша барлық қорытынды бағалар «5-ке» ие оқушы;
    • жақсы – барлық пәндер бойынша барлық қорытынды бағалары «4» немесе ең болмағанда бір қорытынды бағасы «4» бар оқушы.
  • ООЖ (оқушылардың білім алу деңгейі) жалпы % = (% ООЖ пән бойынша 1 + % ООЖ пән бойынша 2 + % ООЖ пән бойынша 3 ... + % ООЖ пән бойынша N), мұнда N – бұл сыныптың оқушыларына берілетін пәндердің жалпы саны.
  • Пән бойынша ООЖ (оқушылардың білім алу деңгейі) жалпы = 

  • мұнда:
    • n2 – «1», «2», «ЕСЖ» пән бойынша қорытынды бағалар саны;
    • n3 - «3» пән бойынша қорытынды бағалар саны;
    • n4 – «4», «ЕСЖ» пән бойынша қорытынды бағалар саны;
    • n5 - «5» пән бойынша қорытынды бағалар саны;
    • n6 – «А/Ө» ән бойынша қорытынды бағалар саны.

Есептің көрінуі: әкімші, «ҮТ және бағалар» блогына қолжетімділігі бар редактор және сынып жетекшілеріне - тек өз сыныбы бойынша. 

Комментарии