ҮТ сипаттамасына арнайы таңбаларды қалай қосуға болады?

Едәуір жиі мұғалімдерге сабақтың сипаттамасына немесе сабақ жоспарлауына  пернетақтада болмаған таңбаларды енгізу керек.

Күрделі таңбалармен, оның ішінде пернетақтада жоқ таңбалармен тапсырманы жасау, таңбалар кестесінің көмегімен (Alt пернесі мен таңба кодының комбинациясы) мүмкін.

Пернетақтадан енгізу

Төмендегі кестеде оқу үрдісіндегі ең қолайлы және пайдалы кодтар (Windows және Mac OS үшін де қолданылады) көрсетілген.

 

 

Қажетті таңбаны енгізу үшін Alt пернесін басып, сонымен қатар пернетақтаның бүйірлік тақтасында код енгізіледі (сандық бөлігі). Пернетақтаның жоғарғы қатарындағы сандар арнайы таңбаларды енгізу үшін пайдаланылмайды! Num Lock қосулы екендігіне көз жеткізу қажет.

 

 

Егер кодтың басында «0» болса, оны да енгізу керек. Таңба Alt пернесін жібергеннен кейін пайда болады.

Таңбалық кестенің көмегімен енгізу.

Арнайы таңбалардың толық тізімі операциялық жүйеде алдын ала орнатылған.

Windows

Кестені ашу үшін қажет:

  • «Пуск» батырмасын басу;
  • іздеу өрісіне «Таблица символов» енгізу;
  • нәтижелер тізімінде «Таблица символов» тармағын таңдау.

 

 

Керекті таңбаны енгізу үшін қажет:

  • құжатқа енгізу қажетті арнайы таңбаны таңдау;
  • «Выбрать» батырмасын басу, содан кейін «Копировать» батырмасын басу;
  • сабақтың парақшасын немесе үй тапсырмасын/күнтізбелік жоспарлауды ашу және меңзерді арнайы таңбаны кіргізгіңіз келетін орынға орналастыру;
  • мәзірді тінтуірдің оң жақ түймешігімен шақыру, «Вставить» пунктін немесе «Ctrl + V» пернелерінің комбинациясын пайдалану.

Mac OS

Арнайы таңбалармен жұмыс істеу арқылы жүйені белсендіру үшін қажет:

  • «Язык и текст» - параметрлерін ашу және «Клавиатура» қойындасына өту;
  • «Показывать панели «Клавиатура» и «Символы» пунктіне қанат белгісін қою.

 

 

Арнайы таңбалар тақтасын ашу үшін қажет:

  • «Меню» ашу;

 

 

 

  • «Символы» панелін таңдағаннан кейін, арнайы таңбалар кестесі ашылады, онда құжатқа енгізілетін таңбаны таңдау үшін екі рет басу қажет.

Комментарии