«Kүнделік.Analytics» қосымшасы/«Бағалар аналитикасы»: жиі қойылатын сұрақтар

Оқушының пән бойынша рейтингі дегеніміз не?

Сыныптағы рейтинг, ол  тоқсан/триместр/семестр үшін жеке бір пән бойынша алынған оқушының орташа балы есебінен қалыптастырылады. Орташа балл қаншалықты жоғары болса, пән бойынша оқушының рейтингі соғұрлым жоғары болады.

Оқушының жалпы рейтингі дегенеміз не?

Сыныптағы рейтинг, ол тоқсан/триместр/семестр үшін барлық пән бойынша алынған оқушының орташа балы есебінен қалыптастырылады. Жеке пәндер бойынша рейтингтер қаншалықты жоғары болса, оқушының жалпы рейтингі жоғары болады.

Рейтинг қалай қалыптасады?

Рейтингтегі орындар саны баға алған оқушылар санына тең. Егер екі оқушы бірдей баға алған болса, онда олар рейтинг бойынша бір рейтингіге ие болады (рейтингте бірдей орын алады, ал басқа оқушылар рейтингте сәйкесінше төмен қарай түседі).

Мысал: 2 оқушы ең жоғарғы балл алды және 1 орынды бөлісті, одан кейін келесі балл алған оқушы рейтингте 3-ші орынға ие болады.

Неліктен қосымшадағы рейтинг сынып жетекшісінде өзгеше?

Мектеп қызметкерлерінің есебінде «Рейтинг» бағаны орташа баллмен есептеледі. Орташа балл -  бағалар қосындысының жалпы бағалардың санына бөлінуі арқылы есептеледі.

Қызметкерлердің «Үлгерім» есебінің рейтингісін есептеудің мысалы:

Сыныптағы оқушының жалпы рейтингі барлық пәндер үшін орын қосындысын орындар санына бөлу жолымен есептеледі. Орта көрсеткішті есептеуден кейін қосымша басқа оқушылардың көрсеткіштерін талдайды және рейтинг құрайды.

"Күнделік.Analytics" / "бағалар аналитикасы" қосымшасымен рейтингті есептеу мысалы:

Мысалдардан оқушы Дананың сынып жетекшісінің рейтингісінде екінші орынға ие екендігі және оқушы «Күнделік.Analytics/Бағалар аналитикасы» қосымшасында бірінші орын алғаны көрінеді. 

Егер оқушы сабақта баға алмаған болса, оның сыныптастарына қойылған бағаларды көру мүмкіндігі болады ма?

Жоқ. Қосымша сыныптастардың бағалары бойынша оқушының жеке бағасын ғана салыстыруға мүмкіндік береді.

Қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін не болады?

Жүйе Сізге қосымшаға кіруге және бағалауды көруге мүмкіндік береді, бірақ аналитикалық есептер қол жетімді болмайды. Есептерге қол жеткізу үшін ақылы жазылымды рәсімдеу қажет.

Жазылымның қандай опциялары бар және олардың бағасы қандай?

Опциялар және жазылым бағасы туралы ақпарат қосымшада қол жетімді:

- Сынақ нұсқасының мерзімі бітті және белсенді ақылы жазылым жоқ: кез келген бағаға басқанда/жаңа «Жазылым опциялары» терезесінде.

- Егер белсенді жазылым бар болса, онда бағдарламаның жоғарғы оң жақ бұрышында «Опциялар» батырмасын басыңыз, содан кейін «Жазылым туралы ақпарат» мәзірінде жаңа терезеде «Жазылым опциялары» түймешігін басу.

Сынақ нұсқасында не бар?

Сынақ нұсқасы өтінімге 14 күн бойы толық қол жетімділік береді. Шектеулер жоқ.

Жазылым шарттары қандай?

Жазылым - жазыдымды жасаған пайдаланушыға және оның келесі туыстарына: ата-аналар мен балаларға, сондай-ақ, егер оқушы тіркелсе, ағайынды және апалы-сіңлілерге толыққанды қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жоғарыда аталғандардың барлығында «Күнделік» Жүйесінде оқушы/ата-ана профилі ғана емес, сондай-ақ тиісті отбасылық байланыстарды орнатылған болу керек. Осы туыстардың тізімі жазылуды таңдау терезесінің төменгі жағында көрсетіледі. Таңдалған опцияға байланысты, кіру 30 күнге немесе бір жылға (365 күн) беріледі.

«Автотөлем» жазылымының опциясы нені білдіреді?

Бұл опцияны таңдаған кезде жаңартылатын жазылым қосылатын болады. Бұл жазылым өшірілгенге дейін әр 30 күн сайын автоматты түрде ұзартылады. Мұндай жазылымның автоматты түрде ұзарту опциясын болдырмау үшін оң жақ бұрыштағы «Опциялар» қойындысын басу керек және ашылатын «Жазылым туралы ақпарат» терезесінде «Жазылымды болдырмау» батырмасын басу керек (сонымен төленген күндер жоғалмайды). Егер пайдаланушы өз ойын өзгертсе, онда «Жазылымды жаңарту» батырмасы да бар.

«Бір реттік төлемге» жазылу опциясы нені білдіреді?

Бұл опцияны таңдасаңыз, жазылым автоматты түрде ұзартылмайды.

«Жыл (365 күн)» жазылым опциясы дегеніміз не?

Бұл опция жеңілдікпен тиімді бағамен жыл бойы (төлем күнінен бастап 365 күн) қол жеткізуге мүмкіндік береді. Автоматты түрде ұзартылмайды.

Ағымдағы жазылым жайлы ақпаратты қайдан көруге болады?

Оң жақ бұрышта «Опциялар» қойындысын басу керек және ашылатын «Жазылым туралы ақпарат» мәзірінде пайдаланушы  ақпаратты көреді. Автотөлем болған жағдайда автоматты түрде ұзартудың күні көрсетілетін болады және оны алып тастау мүмкіндігі де бар.

Автоматты жазылымды жаңартатын ұзарту опциясын қалай алып тастауға болады?

Мұндай жазылымның автоматты түрде ұзарту опциясын болдырмау үшін оң жақ бұрыштағы «Опциялар» қойындысын басу керек және ашылатын «Жазылым туралы ақпарат» терезесінде «Жазылымды болдырмау» батырмасын басу керек (сонымен төленген күндер жоғалмайды). Егер пайдаланушы өз ойын өзгертсе, онда «Жазылымды жаңарту» батырмасы да бар.

Жазылымнан бас тартқан кезде не болады? Ақша қайтарылады ма? Қосымшаға кіру мүмкіндігі бола ма?

Жазылымнан бас тарту - 30 күнде автоматты түрде ұзартылуынан 1 рет бас тарту мүмкіндігі. Жазылымнан бас тартсаңыз, ақылы күндер жоғалмайды, қосымша ақылы кезеңнің соңына дейін қол жетімді болады, бірақ ешқандай қаражат қайтарылмайды.

Электрондық пошта арқылы төлем туралы хабарламаны аламын ба?

Иә. Автоматты түрде ұзартылған жағдайда («автотөлем» опциясы) пайдаланушы Жүйеде көрсетілген электрондық поштаға транзакция туралы мәліметтермен қосымша хабарлама алады.

Бір күнде бірнеше жазылымды төлесем, күндер қосылады ма?

Иә.

Жазылымды тоқтата тұру мүмкін бе (яғни, кідірту)?

Қазіргі уақытта мұндай мүмкіндік жоқ.

Комментарии

  • Avatar
    Жанар Естеновна Саликова

    Сәлеметсіздерме менің сұрағым менің 11 сыныбымда балдар ауысып тұрда енді журналға барғанда оқушылар тұр соны қалай дұрыстай алам Гулбакыт