Kundelik.kz сайтында қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша нұсқаулық

Қысқы уақыт кезеңінде ЖРВИ және тұмау ауруларының өршуі мүмкін, бұл аурулардың таралуының алдын алу мақсатында, жалпы білім беру ұйымдарының карантинге және уақытша жабылуына алып келеді.

Kundelik.kz қашықтықтан оқыту процесін ұйымдастыру үшін бірқатар құралдарды ұсынады, бұл білім алушыларға үйде тұрып оқу үдерісін үзбеуге, пәндерді өз бетінше оқуға, барлық сынып іс-шараларын виртуалды кеңістікке көшіруге және оларға қашықтықтан қатысуға мүмкіндік береді.

Егер карантин кезеңінде қызметкерлер білім алушылармен қашықтықтан жұмыс жүргізуді және ҮТ беруді жоспарламаса, кестеде сабақтарды болдырмау қажет. Оларды мереке немесе демалыс күндері ретінде белгілеу қажет емес.

Хабарландыру

Білім беру ұйымының пайдаланушыларын карантинге байланысты қашықтықтан оқыту процесінің басталуы мен ұзақтығы туралы хабардар ету үшін, сондай-ақ басқа ұйымдастыру ақпаратын жариялау үшін білім беру ұйымының бейінінде немесе сынып бейінінде «хабарландыру» функциясын пайдалану қажет.

«Хабарландырулар» білім беру ұйымы пайдаланушыларының шектеулі санатын, мысалы, бір сынып оқушыларын хабардар етуге мүмкіндік береді.

Топтар, оқиғалар

Қашықтықтан оқыту үдерісіне байланысты барлық материалдарды орналастыру үшін мектеп тобын немесе оқиғаны жасауға болады. Карантинде білім беру ұйымының барлық сыныптары болған жағдайда, білім беру ұйымының бетінде топ құру ұсынылады. Егер карантинде бірнеше сынып болса, олардың әрқайсысының бетінде топ немесе оқиға жасау жеткілікті. Топтар мен оқиғалар «Беттер», «Файлдар», «Форум» опцияларына ие.

«Топтар» қызметі білім беру ұйымы / сынып профиліндегі «Топтар» қойындысында қол жетімді. 

«Оқиғалар» қызметі білім беру ұйымының / сыныптың профилінде «күнтізбе»  қойындысында қолжетімді.

Файлдар 

Карантиндегі білім алушыларға арналған материалдарды «Файлдар» бөлімінде білім беру ұйымы әкімшілігінің қарауы бойынша топ, оқиғалар, сынып немесе ББМ профилінде орналастыру керек. Бұл материалдарға кейіннен үй тапсырмалары сипаттамасында сілтемелер беруге болады. Жүктелетін файлдардың жалпы көлемі 2 Гб аспауы тиіс.

 «Файлдар» қызметі «Файлдар» қойындысында қолжетімді. Файлдарды жүктеу үшін «Файлдарды жүктеу» батырмасын басу керек.

Үй тапсырмалар

«Үй тапсырмалары» функциясының көмегімен мұғалім топтық және жеке тапсырмаларды бере алады, және олардың орындалу барысын бақылай алады. Білім алушылар тапсырманы қашықтықтан орындап, бірден нәтижелерді жібере алады. Ол үшін мұғалім үй тапсырмасын жасау кезінде «Нәтижелері бар файл қажет» тармағын белгілеу керек.

Үй тапсырмасында бағалау түрін, орындау күнін, тексерудің бар-жоғын, орындау уақытын көрсетуге, сондай-ақ тапсырмасы бар файлды қосуға болады. Мұғалім тапсырманың күйін өзгерте алады, түсініктеме қалдыра алады, жеке кеңестер бере алады. Білім алушы мен мұғалімнің барлық әрекеттері сақталады және жазылады. Ата-аналар балаларына берілген үй тапсырмаларын көре алады.

Үй тапсырмасын бірнеше жолмен жасауға және беруге болады:

  • сабақтың нақты бетінде;
  • «Күнтізбелік жоспарлаудың» парақшасында;
  • «Үй тапсырмалардың» парақшасында.

Форумдар, жеке хаттар

Білім алушыларға топтық кеңес беру және ата-аналармен қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға байланысты мәселелерді талқылау үшін топтарда / оқиғаларда, білім беру ұйымының / сыныптың профилінде форумдарды пайдалануға болады. Жеке қарым-қатынас жасау үшін, жеке хат пайдалану қажет.

Форумда бар тақырыптарды талқылауға білім беру ұйымының / сыныптың / топтың / оқиғалар профилінде арнайы блокта немесе «Форум» қойындысында қатысуға болады.

Пайдаланушыға жеке хат жіберу оның жеке профилініңің жоғарғы оң жақ бұрышындағы «конверт» белгісін басу арқылы немесе білім беру ұйымының / сыныптың, топ / оқиғалар қатысушыларының тізімдерінде пайдаланушының тегінің қарама-қарсы жағында жазуға болады.

Комментарии