КТЖ: Белгілі сұрақтар

Былтырғы жылдың сабақ жоспарын осы жылдың КТЖ-на қалай ауыстыруға болады?

Қажет:

  • «Мектеп» - «Журналдар» ашу;
  • ағымдағы оқу жылының атауының жанындағы «Артқа» бағытын басу;
  • «Күнтізбелік жоспар» қойындысын таңдау;
  • КТЖ-ны бір жыл бойы толтыруға қажет сынып және пәнді таңдау.

«Кезең» сүзгішінің «Жыл» күйіне дұрыс орнатылғанына көз жеткізгеннен кейін, «КТЖ-на көшіру» батырмасын басу. 

Көшіру сатысында көрсету қажет:

  • оқу жылы (ағымдағы);
  • пән;
  • сынып;
  • оқу тобы;
  • пән бойынша мұғалімнің аты-жөні. 

Көшірілген КТЖ «Мектеп» - «KTЖ» бөлімінде қолжетімді болады. Егер оқу жоспары өткен жылдан бері өзгертілсе, онда жариялау алдында КТЖ-ні өңдеу мүмкіндігі бар: сағат санын, тақырыптардың атауын және басқа параметрлерді.

Неліктен KTЖ-ға Excel-ден импорт жоқ? 

KTЖ модулінде импорт жоқ. Әрбір білім беру ұйымының күнтізбелік жоспарлаудың өзіндік рәсімдеу түрі бар. Басқаша айтқанда, КТЖ рәсімдеу үшін бірыңғай формат жоқ. 

Жүйеде KTЖ-ды соңғы оқу жылынан ағымдағы жылға көшіруге болады. Сондай-ақ, жасалған KTЖ-ны Excel бағдарламасына экспорттауға болады. 

Мұғалімде бірдей бағдарламамен оқитын параллельді сыныптар бар, КТЖ-ды барлық сыныптарға қалай тез толтыруға болады?

Қандай да бір ыңғайлы әдіспен сыныптардың біреуіне KTЖ жасау керек (тақырыптарды қолмен енгізу немесе өткен жылдың сабақ жоспарын көшіру). Құрылған КТЖ-ны жай ғана басқа сыныпқа көшіруге болады. Ол үшін қажет: 

  • құрылған KTЖ-ды ашу;
  • оның бетіндегі «Көшіру» батырмасын басу;
  • көшіруге жүргізілетін мәліметтерді: тақырыпты, сыныпты, оқу тобын және мұғалімді көрсету.

Егер оқу жоспары сәл өзгеше болса, оны жарияламас бұрын КТЖ параметрлерін өңдеуге болады: сағат санын, тақырыптардың атауын және басқа да параметрлерді.

  «Сабақ күні» деген не, не үшін қажет? 

КТЖ-ды қағазға толтырған кезде, мұғалім әрқашан сабақтың болжамды күнін көрсетеді. Оқу жылының басында толық жылға кесте әлі анықталмағаны және нақты күнді көрсету мүмкіндігі жоқ екені анық. Болжамды күні  көрсетіледі. Енгізілген күндердің тәртібіне сәйкес, КТЖ кестеге сай үлестіріледі (бірінші тақырып бірінші сабаққа үлестіріледі, келесі - екінші, және т.с.с.). 

Жылдың соңында барлық күндерді нақты күндерге өзгерту қажет пе? 

Жоқ, бұл талап етілмейді. Әр тақырыптың екі күні бар: болжамды және нақты. Болжамды күн тақырыпты жасау сатысында көрсетіледі, ал нақты күн – сабақ күннің жоспарлау тақырыбына байланысты, яғни, осы тақырып бойынша сабақ өткізілген күні болып табылады. КТЖ-ні Excel-ге экспорттағанда, файл екі күнді де қамтиды және КТЖ –ны екі күндермен немесе күннің біреуін Excel файлының бағандарынан жойып басып шығаруға болады.

 Үй тапсырмасымен бірге КТП құру мүмкін бе?

Иә, KTЖ құру кезеңінде «Үй тапсырмасы» параметрін көрсету және әрбір тақырыпқа ҮТ енгізу қажет. Бұл жағдайда, КТЖ-ны кесте бойынша үлестіру кезеңінде «ҮТ-мен бірге үлестіру» белгісін қою қажет.

Ескерту: үй тапсырмаларын журналда «Берілмеді» күйінде болады, себебі оқушылар барлық есеп беру кезеңіндегі ҮТ-ды көре алмайды (олар қызыл түспен белгіленеді). Оқушылар өздерінің күнделіктерінде тапсырманы көру үшін:

  • үй тапсырмасының жанында күнтізбелік жоспарлаудағы «Көз» белгішесін басу;
  • содан кейін «Таңдалған оқушыларға жіберу» батырмасын басу арқылы үй тапсырмасын, сабақ өткізілгеннен кейін немесе бірнеше сабақтарға беру.

Бағдарламаның біріктірілуі болды, сабақта екі тақырып қамтылды. Оны KTЖа қалай көрсету керек?

Бұл жағдайда КТЖ-ны жариялаудан алып тастап, қажетті өзгертулерді енгізу керек.

Тақырыптарды берілгеніне байланысты өңдеу керек.

Мысалы, бұрын «Сергей Есениннің шығармашылығы» тақырыбы және өзге «Анна Ахматованың шығармашылығы» тақырыбы болған болса және іс жүзінде бұл тақырып бір сабақта берілсе, тақырыптардың бірін жойып, екіншісін өңдеу керек: «Сергей Есениннің шығармашылығы. Анна Ахматованың шығармашылығы».

KTЖ бетінде таңдалған KTЖ параметрлерін енгізу және жоспарға сәйкес сағаттардың санын азайту мүмкін. 

Өзгерістер жасағалған соң KTЖ тақырыптарын кесте бойынша жариялау және үлестіру керек. 

Егер бұрын KTЖ ҮТ-мен бірге үлестірілсе, «ҮТ -мен үлестіру» құс белгісін қою керек емес, себебі үй тапсырмасы журнал бетінде берілген. 

Сабақ өтілген жоқ. KTЖ-мен не істеу керек? 

Кестеде сабақты болдырмау керек. KTЖ -да өзгерістер енгізудің қажеті жоқ: тақырып сабаққа байланысын жоғалтады, тақырыпты күнтізбелік жоспарлау бетінде басқа сабақ үшін таңдау мүмкін.

Комментарии