КТЖ модуліне нұсқаулық (күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау)

Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау (бұдан әрі - КТЖ) - оқу жүктемесін үлестіруге арналған модуль және өткізілген сабақтардың тақырыптарын бекіту, күнтізбелік жоспардың бетін автоматты түрде толтыруға мүмкіндік береді. 

Назар аударыңыз: KTЖ модулі бірден толық оқу жылына толтырылады.

KTЖ жарияланғаннан кейін, күнтізбелік жоспарға толық оқу жылы бойы тақырыптарды қолмен, енгізу қолжетімсіз болады, мұғалім тек KTЖ -да көрсетілген тақырыптарды ғана пайдалана алады.

KTЖ-ны өңдеу үшін, жарияладан алып тастау, тек білім беру ұйымының әкімшісіне, «ҮТ және бағалар» блогына құқығы бар редактор немесе KTЖ авторына қолжетімді.

KTЖ жасау

KTЖ жасау үшін, экранның жоғарғы жағындағы көк жолақта «Мектеп» -> «KTЖ» таңдау қажет. Ашылған парақшада:

  • сынып атауын таңдау;     
  • «KTЖ жасау» батырмасын басу;        
  • ашылған терезеде шыққан мәзірден таңдау: 
    • пән;
    • топ (барлық сынып / пәндік топ);
    • мұғалімнің аты-жөні;
    • сағат саны;
    • KTЖ -да көрсетілген қосымша өрістер (мазмұн, сабақ түрі, ҮТ, нәтиже, оқу әрекеттерінің түрлері, шешілетін мәселелер, бақылау түрі)
  •  «Сақтау» батырмасын басу.

 

     

 

Ескерту: қажет болған жағдайда, көрсетілген параметрлерді KTЖ парағындағы «Параметрлер» батырмасын басу арқылы өңдеуге болады.

 

     

 

Жұмысты жалғастыру үшін, түймелердің біреуін басу: 

  • «Бөлімді қосу» (бірнеше тақырыптар бір тақырыптық бөлімге біріктірілген жағдайда қолданылады);       
  • «Тақырып қосу» (басқа жағдайларда қолданылады). 

Бөлімді қосу 

Бөлімді қосу үшін: 

  • «Бөлімді қосу» батырмасына басу;
  • атауын енгізу;        
  • қажет болған жағдайда, әмбебап оқыту іс-шараларын да көрсетуге болады;
  • «Сақтау» батырмасын басу.

 

     

 

Тақырыптарды қосу

Тақырыптарды қосу үшін келесі әрекеттердің бірін орындау қажет:

  •  құрылған KTЖ парағындағы «Тақырып қосу» батырмасын басу;
  •  бөлімді құрғаннан кейін, бөлімнің парақшасында «Тақырып қосу» түймешігін басу. 

Ашылған формада:

  • тақырыпты енгізу;
  • жоспарға сәйкес осы тақырыпқа арналған сағаттардың санын көрсету;
  • сабақтың күнін көрсету;
  • қосымша өрістерде мазмұнды енгізу, мысалы, ҮТ (егер қосымша өрістер КТЖ құру кезеңінде таңдалған болса);
  • «Сақтау» батырмасын басу.

 

     

 

Ескерту: сабақ күндерінің саны сабақ сағаттарының санына сәйкес келеді (мысалы, үш сағат - үш сабақ күні). Сағат саны тек бүтін сандар ретінде ұсынылуы мүмкін. 

Сипатталған әрекеттерден кейін сабақтың тақырыбы осы тақырып бойынша КТЖ бетінде көрсетіледі. Қажет болған жағдайда, тақырып барлық бөлімді сияқты жою немесе өңдеуге мүмкіндік бар.

 

     

 

Ескерту: тақырыптарды қосқаннан кейін, жасалған КТЖ Excel бағдарламасына экспорттау немесе басқа сыныпқа көшіру мүмкіндігі бар.

 

     

 

KTЖ жариялау

Талап етілетін тақырыптар енгізілген соң, КТЖ бетіндегі ақпараттарды мұқият тексеріп, беттің төменгі жағындағы «Жариялау» түймесін басу керек.

 

     

 

Ескерту: күнтізбелік жоспарға сабақ тақырыптарын енгізу үшін, алдымен осы сынып үшін кесте жасау керек. Кестені қалай жасау керек екенін «Кесте» модулінің нұсқауларында сипатталған. 

Егер күнтізбелік жоспарда тақырыптар енгізілген болса, онда олар КТЖ-ның тақырыптары жарияланғаннан кейін жойылады және КТЖ-да көрсетілген тақырыптармен алмастырылады. 

Сабақ тақырыптарын үлестіру 

Жарияланған KTЖ-ның тақырыптарын үлестірудің екі жолы бар: 

  • автоматты түрде (сабақ тақырыбын үлестіру КТЖ бөлімінен жүзеге асырылады);
  • қолмен (тақырыптарды таңдау, күнтізбелік жоспарлау бетінен қолмен жасалады).

 KTЖ бөлімінен үлестіру 

Жариялауды растағаннан кейін тақырыптарды сабақтарға үлестіру үшін, «Үлестіру» түймесін басу керек. 

 

     

 

Содан кейін кезеңді (жыл бойы немесе есептік кезеңдердің біреуін) таңдап, «Келесі» батырмасын басу қажет. 

 

     

Келесі қадамда үлестіруді жоспарлайтын тақырыптарды белгілеу керек.

Ескерту: егер көрсетілген тақырыптардың саны және кесте торындағы сабақтар саны сәйкес болмаса, Жүйе тиісті ескертуді шығарады, бірақ тақырыптардың үлестіруіне мүмкіндік береді. Мысалы, суретте екі тақырып енгізілген жағдай көрсетілген, бірақ кестеде сегіз сабақ құрылған, осы бос сабақтарға тақырыптар енгізілмейді.

 

     

 

Егер үй тапсырмасы енгізілсе, осы кезеңде «ҮТ-мен үлестіру» құс белгісін қою мүмкіндігі беріледі. Күнтізбелік жоспарлауға үй тапсырмасын қосу үшін осы белгіні басу керек.

 

     

 

Жалғастыру үшін, экранның төменгі жағындағы «Келесі» түймесін басу керек.

Әрекеттерді растау үшін «Үлестіру» түймешігін басу керек.

 

     

    

 

Көрсетілген әрекеттерден кейін сабақ тақырыптары күнтізбелік жоспарлауда пайда болады.

 

     

 

Егер тақырыптар ҮТ-мен бірге үлестірілсе, олар күнтізбелік жоспарлау бетінде де пайда болады.

     

Тақырыптарды күнтізбелік жоспарлау бетінен үлестіру

Кесте сұлбаны жариялағаннан кейін, экранның жоғарғы жағындағы көк жолақта «Мектеп» -> «Журналдар» бөлімін таңдау арқылы күнтізбелік жоспарлауды ашу қажет.

Ескерту: тақырыптарды жолдарға енгізу ашылмалы мәзірге ие болады және тақырыптарды компьютер пернетақтасынан қолмен енгізуге мүмкіндік болмайды.

 

     

 

КТЖ-да көрсетілген күнге қарамастан кез-келген сабақ күнін таңдауға болады, бірақ оқу сағаттарының дұрыс санын бақылап отыру керек. Мысалы, тақырып бөлімі үшін екі оқу сағатының ұзақтығы таңдалса, онда бұл бөлімді тек екі сабақ үшін ғана таңдауға болады.

Ескерту: егер сабақ тор кестесінен жойылса, ол таңдалған тақырыппен бірге күнтізбелік жоспарлау бетінен жоғалады. Осыдан кейін, бұл тақырып ашылмалы мәзірден басқа кез-келген сабаққа байланыстырылуы мүмкін.

Тақырыптардың санын немесе атауын өзгерту үшін сыныптың КТЖ-на өзгертулер енгізу қажет. КТЖ сұлбасы жарияланған кезде, тақырыптардың мазмұнын күнтізбелік жоспарлау бетінде өңдеу мүмкін емес.

Ескерту: күнтізбелік жоспарлауда үй тапсырмасы жазылады, бірақ оқушыларға берілмейді.

 

КТЖ-ны жариялаудан алып тастау

Қажет болған жағдайда, жарияланған KTЖ-ны жоюға болады. Мұны орындау үшін, KTЖ бетінде «Жариялаудан алып тастау» түймесін басу керек.

Ескерту: сипатталған әрекеттерден кейін барлық тақырыптар журналдағы күнтізбелік жоспарлау бетінен жойылады.

 

     

 

Жалғастыру үшін «Жариялаудан алып тастау» түймесін қайтадан басу керек.

Ескерту: құрылған KTЖ жариялаудан алынғаннан кейін, қайта жариялауға болды. Ол үшін «KTЖ жариялау» бөлімінің барлық қадамдарын қайталау керек. KTЖ-ны жариялаудан алып тастау немесе өзгерістерді енгізу білім беру ұйымының әкімшісі, «ҮТ және бағалар» құқығы бар редактор және KTЖ авторына қолжетімді.

 

 КТЖ-ны күнтізбелік жоспарлау бетінен көшіру

Егер білім беру ұйымында күнтізбелік жоспарлау толтырылған болса, онда KTЖ-ға сабақтардың тақырыптарын көшіріп алуға болады. Мұны орындау үшін күнтізбелік жоспарлауды ашып, «KTЖ-на көшіру» батырмасын басу.

 

     

 

Ескерту: KTЖ-ны тез толтыру қажет болса, өткен оқу жылындағы күнтізбелік жоспарлауды ашып, енгізілген ақпаратты KTЖ -ға көшіріп, кейін тақырыптарды ағымдағы жылға жарияланған кесте торына таратуға мүмкіндік бар.

Комментарии