«Күнделік» жүйесінің белсенділік бақылауы

Күнделік жүйесінің белсенділік бақылауы - жалпы білім беретін ұйымдардың белсенділік көрсеткіштерін қарау үшін арналған динамикалық парақша (бұдан әрі - ББ).

Парақшадағы ақпарат апта сайын, сенбі мен жексенбі аралығында өтетін түнде жаңартылып, өткен есептік кезеңдегі (өткен аптадағы жексенбіден сенбіге дейін) белсенділік деректерін көрсетеді.

Есептік кезең туралы ақпарат парақшаның жоғарғы жағында орналасқан:

 

 

3.png - өткен апталарға өту батырмасы ( ) және соңғы аптаға ().


 



Әдепкі түрде есеп соңғы апта үшін қарастырылады (осы аптаның алдын өткен апта). Есептік кезеңге басқанда, апта таңдауға арналған есеп құрастыру үшін күнтізбе ашылады. Ағымдағы күн сары түспен көрсетіледі. 

 

 

Есепті құрастырғанда ақпарат жеткіліксіз жағдайда мұндай хабарлама шығады. Мысалы, каникул күндері.

Жоғарғы оң жақ бұрышында, таңдалған аймақтың парақшасында, «Скачать excel-отчет со списком школ» деген батырма пайдаланушыға қол жетімді:

 

 

Жоғарғы сол жақ бұрышында интерфейстің тілін ауыстыру-қосқышы орналасқан:

 

 

1. КӨРСЕТКІШТЕР-БЛОКТАРЫ

Кез келген блокты басуға болады, блокқа басқан кезде білім басқармасының көрсеткіші (бұдан әрі - ББ) құрылады. Кестеде ББ атауын бассаңыз, таңдалған ББ-ның аудандық білім беру бөлімі (бұдан әрі - АББ) көрсеткіші құрылады.

Ескерту: жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер 3-ші пунктте егжей-тегжейлі сипатталған бірдей есептеу логикасына ие. «Көрсеткіш және интерактивті карта».

Әр блокта көрсеткіш индикаторы бар:

 

 

Курсорды индикаторға бағыттағанда, пайда болған нәтиже мәні «жоғары» белсенділік санатына сәйкес келетін орындауға тиіс білім беру ұйымдарының % -ын (бұдан әрі - ББ) көрсетеді.

 

 

Көрсеткіштің мәні индикатордағы көрсеткіштің мәнінен кем болмаса, жасыл элемент көрсетіледі, керісінше жағдайда - қызыл.

 

 

1.1 «МЕКТЕПТЕР», «МҰҒАЛІМДЕР», «ОҚУШЫЛАР» және «АТА-АНАЛАР» БЛОКТАРЫ

«МЕКТЕПТЕР» блогында келесі санаттар бойынша ақпарат бар:

 

 

 

  • «ЖҮЙЕДЕ» - белсенділік бақылауына қатысатын ББ-нің жалпы саны:
  • «ҚЗЖ (НАҚТЫ)» - барлық белсенділік көрсеткіштерін орындайтын ББ саны:
    • Мұғалімдер үшін құрылған аккаунттардың іске қосу дәрежесі (90% кем емес)
    • Оқушылар үшін құрылған аккаунттардың іске қосу дәрежесі (85% кем емес)
    • Ата-аналар үшін құрылған аккаунттардың іске қосу дәрежесі (75% кем емес)
    • Сабақ кестесі толықтығының дәрежесі (95% кем емес)
    • Мұғалімдердің жоспарлау жүргізуі (71% кем емес)
    • Мұғалімдердің журналды жүргізуі (49% кем емес)
    • Мектеп профилінің толықтығының дәрежесі (барлық міндетті өрістер толтырылуы керек)

«МҰҒАЛІМДЕР», «ОҚУШЫЛАР» және «АТА-АНАЛАР» блоктарында келесі санаттар бойынша ақпарат бар:

 

 

  • «ЖҮЙЕДЕ» - мұғалімнің/оқушының/ата-ананың рөлімен құрылған есептік жазбасының саны. Белсенділік бақылауына қатысатын ББМ-де жасалған тіркеу жазбаларының жалпы санын көрсетеді.
  • «БЕЛСЕНДІРІЛГЕН» - мұғалімнің/оқушының/ата-ананың рөлімен белсендірілген есептік жазбасының саны (белсендірілген есептік жазбасы – пайдаланушы Жүйеге кемінде бір рет кіріп, өзінің есептік жазбасын тіркеу процесін аяқтады). Белсенділік бақылауына қатысатын ББМ-де белсендірілген есептік жазбасының жалпы санын көрсетеді.

 

1.2 «САБАҚ КЕСТЕСІ ТОЛЫҚТЫҒЫНЫҢ ДӘРЕЖЕСІ», «МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖОСПАРЛАУ ЖҮРГІЗУІ», «СЫНЫП ЖУРНАЛДАРЫН ЖҮРГІЗУ», «ЖУРНАЛДЫ УАҚЫТЫЛЫ ЖҮРГІЗУ» блогы

«ББМ кестесінің толықтығы» блогында келесі санаттар бойынша ақпарат бар:

 

 

«ББМ кестесінің толықтығы» көрсеткішін орындайтын (осы көрсеткіш бойынша «Жоғары» белсенділік санатында тұрған) мекеме %-ы.

«ББМ кестесінің толықтығы» - бұл сыныптарды санымен салыстырылатын құрылған кестелердің саны. Көрсеткіш 100% болу үшін, есептік аптада әр сынып үшін кесте торында кем дегенде 10 сабақ болуы керек.

«МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖОСПАРЛАУ ЖҮРГІЗУІ» блогында келесі санаттар бойынша ақпарат бар:

 

 

«Мұғалімдердің жоспарлау жүргізуі» көрсеткішін орындайтын (осы көрсеткіш бойынша «Жоғары» белсенділік санатында тұрған) мекеме %-ы.

«Мұғалімдердің жоспарлау жүргізуі» - бұл есептелген аптадағы сабақтардың жалпы санымен салыстырылатын сабақтардың немесе үй тапсырмаларының саны. Индикатордың 100% болуын қамтамасыз ету үшін кестеде көрсетілген әрбір сабақ үшін төмендегі шарттардың кем дегенде біреуі орындалуы керек:

  • сабақтың тақырыбы енгізілген;
  • үй жұмысы берілген.

Ескерту: үй тапсырмалары болмаған бірінші сыныптарда сабақ тақырыбын уақтылы енгізу ұсынылады. Толық мазмұн үшін сабақтың және үй тапсырмасының тақырыбын енгізу ұсынылады.

«СЫНЫП ЖУРНАЛДАРЫН ЖҮРГІЗУ» блогында келесі санаттар бойынша ақпарат бар:

 

 

«Сынып журналдарын жүргізу» көрсеткішін орындайтын (осы көрсеткіш бойынша «Жоғары» белсенділік санатында тұрған) мекеме %-ы.

«Сынып журналдарын жүргізу» - бұл бағалар саны, қатысудың белгілері, сабаққа ескертулер және сабақтың белгілері. Көрсеткіш үшін 100% болу керек, кестедегі әрбір сабақ үшін төмендегі шарттардың кемінде біреуі орындалуы керек:

  • кем дегенде бір бағаны қою;
  • кемінде бір қатысу туралы белгісін қою;
  • сабаққа түсініктеме қалдыру;
  • сабақтың парақшасында «Сабақ өткізілді» құс белгісін қою.

Ескерту: егер сабаққа баға қойылмаса, барлық оқушылар сабаққа қатысса, түсініктеме жазудың қажеттілігі жоқ болса, бұл сабақтың ББМ-де ЭЖ жүргізу жалпы статистикасында есепке алынуы үшін, мұғалімге сабақ өтілді құс белгісін қоюы жеткілікті.

«ББМ АҚПАРАТТАРЫНЫҢ ТОЛЫҚТЫҒЫ» блогында келесі санаттар бойынша ақпарат бар:

 

 

«ББМ ақпараттарының толықтығы» көрсеткішін орындайтын (осы көрсеткіш бойынша «Жоғары» белсенділік санатында тұрған) мекеме %-ы.

«ББМ ақпараттарының толықтығы» көрсеткішін орындау үшін жүйеде ББМ профилінде келесі міндетті ақпарат толтырылуы керек:

  • ББМ ұйымының формасы.
  • ББМ типі.
  • ББМ ұйымдық құрылымы.
  • Меншік формасы.
  • Қысқаша атауы.
  • Толық атауы.
  • ББМ ашылу күні.
  • Заңды мекен-жайы.
  • Пошталық мекенжай.
  • Білімді басқарушы ұйым.
  • Заңды тұлғаның атауы.
  • Мемлекеттік аккредитация туралы күәліктің тіркелу нөмірі.
  • Мемлекеттік аккредитация туралы күәліктің бланк сериясы.
  • Мемлекеттік аккредитация туралы күәліктің бланк нөмірі.
  • Мемлекеттік аккредитация туралы күәліктің әрекет ету мерзімі.
  • Лицензияның тіркелу нөмірі.
  • Лицензияның бланк нөмірі.
  • Лицензияның әрекет етуінің басталу күні.

ББМ-нің қызметкерлеріне «Ұйым туралы» және «Қосымша мәліметтер» қойындыларындағы барлық қалған өрістерді толтыруға кеңес беріледі, бұл мектепке осы көрсеткіш бойынша белсенділіктің жоғары санатына шығуына мүмкіндік береді.

 

2. СТАТИСТИКА БЛОКТАРЫ

 

 

«ҚОЙЫЛҒАН БАҒАЛАР» статистикалық блогында мұғалімдердің Жүйеде қойған бағаларының саны туралы ақпаратты қамтиды.

Ақпарат екі кезең бойынша ұсынылады:

  • осы жылы (оқу жылы);
  • соңғы айда (күнтізбелік айда).

«ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ» статистикалық блогында мұғалімдердің Жүйеде еңгізген үй жұмыстарының саны туралы ақпаратты қамтиды.

Ақпарат екі кезең бойынша ұсынылады:

  • осы жылы (оқу жылы);
  • соңғы айда (күнтізбелік айда).

«КӨРСЕТІЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕР САНЫ» пайдаланушылармен жасалған бірегей Жүйеге кіру саны туралы ақпаратты қамтиды.

Ақпарат екі кезең бойынша ұсынылады:

  • осы жылы (оқу жылы);
  • соңғы айда (күнтізбелік айда).

 

3. КӨРСЕТКІШ ЖӘНЕ ИНТЕРАКТИВТІ КАРТА

«Күнделік»  жұмысының белсенділік бақылауы білім беру ұйымдарының электрондық журналдарды жүргізу сапасын айқын көрсетеді.

Интерактивті карта -  таңдалған белсенділік көрсеткішіне байланысты басылады және қайта құрастырылады:

  • Жасыл түспен таңдалған белсенділік көрсеткішін толықтай қанағаттандыратын ББ/АББ-і белгіленген;
  • Сары түспен таңдалған белсенділік көрсеткішіне толығымен сай келмейтін ББ/АББ-і белгіленген;
  • Қызыл түспен таңдалған белсенділік көрсеткішін орындамайтын ББ/АББ-і белгіленген.

 

4.png

 

Курсорды ББ/АББ-іне жылжытқанда, атау туралы кеңестер пайда болады, ал басылғанда, таңдалған ББ-не көшу жасалады, таңдалған АББ-нің белсенділігін бақылайтын парақша қалыптастырылады.

 

4. ББ/АББ КӨРСЕТКІШТЕРІН КӨРСЕТУ КЕСТЕСІ

 

 

№ - ББ/АББ-нің есептік нөмірі. Тізім  ББ/АББ-нің көрсеткішінің кему тәртібімен таңдалған көрсеткіш бойынша ұйымдастырылады.

Облыс/аудан атауы -  ББ/АББ-нің атауы.

Облыс/аудан көрсеткіші, % - ББМ-нің ББ/АББ-дегі көрстекіш бойынша белгіленген мәндерге жету үлесі. Келесі формула бойынша есептеледі:

17.png, мұндағы:

Х1 - «Төмен» белсенділік санаты бойынша ББМ-нің саны;

Х2 - «Орташа» белсенділік санаты бойынша ББМ-нің саны;

Х3 - «Жоғары» белсенділік санаты бойынша ББМ-нің саны.

M – бір ББМ-нің ББ/АББ-дегі үлес салмағы, 18.png, где N – ББМ-нің ББ/АББ-дегі саны.

ББМ-нің жалпы саны - бұл ББ/АББ-дегі  белсенділік бақылауына  қатысатын ведомстволық бағынысты БММ-нің жалпы саны.

«ББМ кестесінің толықтығы»/«Мұғалімдердің жоспарлау жүргізуі»/ «Сынып журналдарын жүргізу»/ және т.б. – әр түрлі белсенділік санатындағы мектептердің саны (төмен, орташа, жоғары) есептелетін таңдалған көрсеткіштің атауы.

Белсенділік көрсеткіштеріне қол жеткізу ББМ-нің іс жүзінде ҚЗЖ-ға (қағазсыз журнал) ауысуына дайын екендігін көрсетеді.

ББ көрсеткіштерінде ең жоғары орынды иелену үшін барлық бағынышты ББМ келесі қызмет көрсеткіштерін орындауы қажет:

  • «Сабақ кестесі толықтығының дәрежесі» - 95% кем емес;
  • «Мұғалімдердің жоспарлау жүргізуі» - 71% кем емес;
  • «Мұғалімдердің журналды жүргізуі» - 49% кем емес;
  • «Мұғалімдер үшін құрылған аккаунттардың іске қосу дәрежесі» - 90% кем емес;
  • «Оқушылар үшін құрылған аккаунттардың іске қосу дәрежесі» - 85% кем емес;
  • «Ата-аналар үшін құрылған аккаунттардың іске қосу дәрежесі» - 75% кем емес;
  • «Мектеп профилінің толықтығының дәрежесі» - 100% кем емес.

Ескерту: осы көрсеткіштердің мәндері жобаны әзірлеу кезінде өзгеруі мүмкін.

 

5. ЖЕКЕ АББ-НІҢ ЖӘНЕ ВЕДОМСТВОЛЫҚ БАҒЫНЫСТЫ БММ-НІҢ БЕЛСЕНДІЛІҢ БАҚЫЛАУЫНА ӨТУ (ТОЛЫҚ ЕСЕП)

ББ-ін таңдағаннан кейін (көрсеткіштегі ББ атауын басу арқылы), аймақтың ББМ-нің есептік деректерімен (толық есептер) жеке форма ашылады.

Экранның жоғарғы жағында аймақ туралы және белсенділік көрсеткіші бойынша сүзгі бар ақпаратты қамтитын блок орналасқан. Пайдаланушыға көрші апталарға өту мүмкіндігі қолжетімді, ал егер есептік кезең – күнтізбе басқанда, апаталарға тек өту мүмкіндігі пайда болады. Ары қарай аудан туралы дерек және белсенділік туралы фильтр қолжетімді болады. 

 

 

Барлық көрсеткіш бойынша ББМ белсенділігі туралы ақпарат келесі диаграммалармен ұсынылған.

«ББМ-нің белсенділік критерийлеріне сәйкес бөлінуі» дөңгелек диаграммасы есептік кезеңде бағынысты ББМ-нің қандай белсенділік санатына түскені туралы ақпаратты қамтиды.

 

 

Ескерту: дөңгелек диаграмма элементтерін басу арқылы  таңдалған белсенділік түріне сәйкес келетін ББМ-нің тізімін көрсетіледі.

«Алдыңғы аптамен салыстырғандағы ББ көбейген/азайған белсенді ББМ саны» гистограммасы  ведомстволық бағынышты ББМ-ң тізімін кему тәртібімен (максималды мәннен минималдыға дейін) көрсетеді.

 

 

Ескерту:

  • Жасыл түсті гистограмма элементі белсенділік көрсеткішінде мәннің өсуін көрсетеді. Курсорды қалқымалы терезенің жасыл элементі үстіне апарғанда, белсенділік көрсеткішінің көбеюдің дәл мәні көрсетіледі.
  • Қызыл түсті гистограмма элементі белсенділік көрсеткішінің төмендеуін көрсетеді. Курсорды қалқымалы терезенің қызыл элементі үстіне апарғанда, белсенділік көрсеткішінде азаюдің дәл мәні көрсетіледі.
  • Көк түсті гистограмма элементі екі мәнмен көрсетілген:
    • Егер белсенділік көрсеткішінде көбею пайда болса, көк элемент алдыңғы есептік кезеңдегі нәтиже туралы ақпаратты қамтиды.
    • Егер белсенділік көрсеткіштерінің азаюы байқалса, онда көк элемент есептелінетін есептік кезеңдегі нәтиже туралы ақпаратты қамтиды.
  • Гистограмманың үстінде пайдаланушы үшін «Азаю» және «Көбею» санаттары бойынша сұрыптау мүмкіндігі бар.

Мектеп блогында «Алдыңғы аптамен салыстырғандағы ББ көбейген/азайған белсенді ББМ саны» гистограммасы «Қағазсыз журналға нақты өтуі» көрсеткіші бойынша ведомстволық бағынышты ББМ-ң көрсеткішінің өзгеруін көрсетеді.

 

 

  • Егер ББМ-нің атауы қара болса, бұл мектеп барлық белсенділік көрсеткіштеріне қол жеткізді дегенді білдіреді.
  • Егер ББМ-нің атауы қызыл болса, бұл мектептің ең болмағанда бір белсенділік көрсеткішіне қол жеткізген жоқ дегенді білдіреді.

Курсорды қызыл түсті мектепке апарғанда, қалқымалы терезе қол жеткізілмеген көрсеткіш немесе көрсеткіштерді көрсетеді.

ББМ атын басқан кезде, осы ББМ-і үшін «ЭЖК жүргізу статистикасы» есебіне көшу жүзеге асырылады.

 

 

Ескерту: ББМ ішіндегі есептерге өтуге тек ББ/АББ қызметкері өзінің ведомстволық бағынатын ББМ бойынша қол жеткізе алады. ББМ ішіндегі есептерді қарау үшін кіру керек. Басқа ББ/АББ-нен ББМ-нің есептерін ашып көру әрекетін жасап көрген кезде немесе Жүйеге кірмеген болған кезде, Жүйеде 403 («Қатынасқа тыйым салынған») қателік жайлы есеп шығарылады.

Комментарии