Cкриншотты қалай жасауға болады?

Скриншот (ағыл. screenshot) – бұл компьютер немесе мобильді құрылғының бетінің суреті.

 

ОS Windows арқылы скриншотты қалай жасауға болады

Скриншотты жасау үшін пернетақтада арнаулы батырма бар - Print Screen (Prt Scr), көбінесе пернетақтаның жоғарғы бұрышында орналасқан.

 

 

Оны екі нұсқаулықта пайдалануға болады:

  • Print Screen басқан кезде, экранның беті «суретке түседі».
  • Alt + Print Screen комбинациясын басқан кезде, сол уақытта белсенді терезенің скриншоты жасалынады.

 Print Screen (немесе Print Screen + Alt комбинациясы) батырмасын басқан кезде, экранда ешқандай әрекет көрсетілмейді. Бұл сурет алмасу буферіне түседі, сондықтан оны буферден «шығару» үшін, графикалық редакторды пайдалану қажет.

Windows –қа кіріктірілген графикалық редактор Paint-ты ашу үшін, «Пуск» мәзіріне өтіп, «Программы»  «Стандартные»  Paint бағдарламаларды таңдау қажет.

Алмасу буферінен суретті шығару үшін, Paint-қа кіріп, бір мезгілде Ctrl және V тінтуірлерді басу (немесе мәзірде «Правка»  «Вставить» параметрді таңдау қажет). Қажет болған жағдайда скриншотты редакторда өңдеуге болады (қол қойып, бір нәрсені өңдеу) және бөлек файлға сақтау («Файл»  «Сохранить как…»).

 

Mac OS арқылы скриншотты қалай жасауға болады

Mac OS бірнеше байланыс пернелер арқылы скриншотты жасауға болады:

 

shift  command 3 Беттің толық скриншоты (Рабочий стол-ға сақталады).
shift command 4 Беттің бөлім бойынша скриншоты (Рабочий стол-ға сақталады).
shift command 4 ...  Ағымдағы терезенің скриншоты (Рабочий стол-ға сақталады).
shift command ctrl 3 Толық беттің суреті (алмасу буферіне сақталады) (Print Screen Windows-та батырмаларының аналогы).
shift command ctrl 4 Беттің бөлім бойынша скриншоты (алмасу буферіне сақталады).
shift command ctrl 4 ...  

Ағымдағы терезенің скриншоты (алмасу буферіне сақталады).

 

 Пробелді барлық пернелерді баспаған кезде, басу қажет. Мұндай жағдайда тінтуір фотоаппаратқа ауысады. Ары қарай, қажетті терезені таңдау.

Apple компаниясы қосымша түрде жаңа бағдарламаны жасады  «Снимок экрана» (Grab.app), бұл бағдарлама арқылы батырмалардың үйлесімін пайдаланбай, скриншот жасаудың мүмкіндігі болады. Бағдарлама «Программы» - «Системные программы» (Applications/Utilities) папкасында орналасқан. Скриншотты жасау үшін, бағдарламаны ашып, «Снимок» мәзірінде қажетті әрекетті таңдау қажет.

 

Android арқылы скриншотты қалай жасауға болады

Скриншотты жасау үшін:

  • сурет жасайтын қажетті бетті ашу;
  • қуат көзін басып, бірнеше секунд аралығында ұстап тұру;
  • «Скриншот» таңдау.

Ескерту: егер бұл тәсіл істемей қалса, Android-тың ескі нұсқаулығы орнатылған дегенді білдіреді. Мұндай жағдайда қуат көзімен, дауысты азайту батырмасын бір мезгілде басып, бірнеше секунд аралығында ұстап тұру қажет.

  • құрылғы беттің суретін жасап, оны сақтайды.
  • беттің жоғарғы жағында  суреті пайда болады.

Ескерту: егер скриншоттың суреті шықпаса, онда негізгі бетке өтіп, «Фото»/«Галерея» бағдарламасын ашу қажет болады.

 

iOS арқылы скриншотты қалай жасауға болады

Скриншотты жасау үшін:

  • суретті жасайтын қажетті бетті ашу;
  • біл мезгілде бүйірлік түймесін және «Домой» (на iPhone 8 или более ранней модели, iPad или iPod touch) батырмаларын басу;
  • өзіне тән дыбыспен арнаулы жарқыл пайда болады;
  • құрылғы беттің суретін жасап, оны «Фото» > «Альбомы» > «Снимки экрана» бағдарламасында сақтайды.

Комментарии