Орташа өлшенген балл деген де және ол қалай есептеледі?

Орташа өлшенген балл – білім алушының Жүйедегі үлгеріміне қатысты, әрбір бағалар жұмыстың коэффициент дәрежесінің маңыздылығын ескеретін автоматты түрде есептелетін өлшенген балл.

Білім беру мекемесінің қызметкерлері әр типтік жұмыстарға «салмақты» орнатады. Ол 1-ден 10-ға дейін аралықта таңдалып, бұл жұмыстың маңыздылығын көрсетеді. Мысалы, үй тапсырмасына = 2 деген салмақ орнатылған, өзіндік жұмысына = 5, бақылау жұмысына = 8, қорытынды бақылау жұмысына = 10.

Жұмыстардың салмағын мектеп қызметкері өздігінен орнатады.

Егер Білім беру мекемесінде жұмыстың салмақтары пайдаланса, онда күнделіктер мен «Бағалар аналитикасы» бағдарламасында орташа балл да, орташа өлшенген балл да көрсетіледі.

Орташа балл мен орташа өлшенген баллдың қандай айырмашылығы бар?

Орташа балл – барлық бағалардың қосындысы, және олардың санына бөлінуі.

Орташа өлшенген балл әр жұмыстың маңыздық коэффицентінің салмағын ескере отырып, объективті үлгерім көрсеткішін көрсетеді.

Орташа өлшенген балл = (бағалардың салмағын ескеріп, олырдың қосындысы) / (сол бағалардың салмақтарының қосындысы)

Есептеудің мысалы:

«5» және «4» бақылау жұмысы бойынша бағалар;

«3» сабақтың үстінде қойылған баға.

Жұмыстардың салмағы: бақылау жұмысы = 10 балл, сабақтағы жауап = 1 балл.

Орташа өлшенген балл = (5*10+3*1+4*10)/(10+1+10)=4,43.

Орташа балл осындай жағдайларда = (5 + 4 +3)/3=4.

Бақылау жұмысы маңыздырақ болғандықтан, ал бұл жұмыс «жақсы» өткендіктен, орташа өлшенген балл есептеуі бойынша, оқушының оқу бағдарламасы бойынша ақпаратты 4,43 білетінін, 4 емес екендігін көрсетеді. Сондықтан бұл балл оқушының «5» деген тоқсандық баға алу мүмкіндігін арттырады.

Ескерту: орташа өлшенген балл, орташа баллмен бірдей болуы мүмкін, егер жұмыстардың салмақтары өзара тең.

Орташа өлшенген балл күнделіктер мен журналдарда, егер Білім беру мекемесінің әкімшілері оны қосса, шығады. Егер оқушының күнделігінде және «Бағалар аналитикасы» осы мүмкіндік шықпаса, онда:

  • жұмыстардың салмақтары белгіленбеген немесе орташа өлшенген балл мүлдем пайдаланбағандығын көрсетеді;
  • оқушылар мен Ата-аналардың орташа өлшенген баллдың қолжетімділігі шектелгенін білдіреді. Мұндай жағдайда Ата-аналарға Білім беру мекемесінің әкімшісіне сұраныс жіберуі қажет.

Комментарии