Электронды поштаны профильде қалай өзгертуге болады?

Әрбір пайдаланушы өзінің поштасын өздігінен өзгерте алады және растай алады.

Поштаны қалай өзгерту керек?

Профильдегі поштаны өңдеу үшін:

  • «Қауіпсіздік» қойындысындағы профильдің параметрлеріне өту;
  • «Электронды пошта» жолағында «Қатынасты қалпына келтіру» қойындысында қажетті электронды поштаны көрсету;
  • «Ағымдағы құпия сөз» өрісіндегі өзгерістерді сақтау үшін тіркеу жазбасының құпия сөзін енгізу;
  • «Сақтау» батырмасын басу.

 

 

Поштаны қалай растауға болады?

Аккаунтты белсендірілгеннен кейін, және "Қауіпсіздік" қойындысын өздігінен өзгертулер енгізген жағдайда міндетті түрде электронды поштаны растау қажет.

Растау үшін:

  • «Қауіпсіздік» қойындысының астында «Растау үшін хатты жіберу» әрекетін таңдау;
  • Жүйеге енгізілген электронды поштаға кіріп,  «Kundelik.kz» - тен келген хатты ашу;
  • Хатта көрсетілген сілтеме бойынша өту.

Ескерту: егер хабарлама келмесе, поштада «Спам» / «Ұнамсыз» папкасын тексеріңіз.

Тіркеу жазбасын тіркегенде және белсендіргенде, электронды поштаны растайтын хат автоматты түрде келеді.

Комментарии