Бағалар жоғалған жағдайда не істеуге болады?

Журналдағы бағалардың жоғалу себептері

Журналдағы бағалардың жоғалу бірнеше себептері бар.

Себеп 1: Журналда бағалардың әдейі немесе кездейсоқ жағдаймен әкімшімен немесе пән мұғалімімен қолмен жойып шығуы.

Бұл әрекеттерді «Ұяшықтардың өзгертулер тарихы» (  батырмасы, журналдың жоғарғы оң жағындағы бұрышында) режиміне өтіп, ұяшыққа басқан кезде: қай уақытта, қандай өзгеріс және өзгерістерді енгізген қызметкердің Аты-жөні шығатын қосымша терезе ашылады.

 

 

Жазбадағы деректер өзінің өзгерістер енгізілген уақыты бойынша көрсетіледі: жоғарғы тұрған жазба соңғы өзгертулерді көрсетеді, соңғы тұрған жазба – бірінші рет енгізілген өзгертулерді көрсетеді. Жазбада жазылған: 12.12 күні 5 деген баға қойылған, сосын 4 деген бағаға өзгертілді.

Қосымша өзгертулер тарихы мектеп әкімшісіне «Өзгертулер тарихы/Журнал» есеп түрінде қолжетімді.

Себеп 2: Әдейі немесе кездейсоқ жағдаймен әкімшімен кесте жою әрекеті болды.

Кесте жою барысында, жойылған сабақтармен байланысты ақпарат (бағалар, үй тапсырмалар және күнтізбелік жоспарлау), автоматты түрде жойылады.

Шешімі: Кесте жою тарихын, сыныптың кестесін ашу барысында, жойылған немесе өзгерген сабақтың өңдеу терезесінде («қарындаш» батырмасы, тінтуірді сабаққа апарған кезде шығады) көруге болады. Өңдеу терезесінің астында, өзгерістердің күні және өзгерістерді енгізген қызметкердің Аты-жөні шығады.

 

 

Төбеде көрсетілген мысалда, бұл кестеде қараша айының 26 күні өзгерістер енгізілгенін білдіреді.

Себеп 3: Қою барысында  Internet Explorer браузерінің 10.0 немесе одан ерте нұсқаулары пайдаланылды.

Браузердің дұрыс емес жұмысынан, енгізілген ақпарат сақталмай қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда парақшаны жаңартқаннан кейін бағалар жоғалады.

Шешімі: Басқа браузер арқылы жұмыс жасау ұсынылады (жұмыс барысында келесі браузерлер ұсынылады).

Себеп 4: Журналға бос файлдың импорттау жұмысы өтті.

Импорттау жұмыстарында бос файл қатысса, бірақ журналда енгізіген деректер болса, импорт  біткеннен кейін деректер сақталмайды, яғни журнал бос болып қалады.

Шешімі: Журналға импорт өткенін, ұяшықтардың өзгертулер тарихынан тексеруге болады (  батырмасы, журналдың жоғарғы оң жағындағы бұрышында): егер бағалардың жойылуы бір уақытта және барлық оқушыларда болса (1-2 минут дейінгі дәлдікпен) – бұл, журналдың импорттау өткізілгенін білдіреді. Өзгертулер тарихы ұяшығында импорт өткізген қызметкердің Аты-жөні шығады.

 Импорт жұмыстарын өткізген кезде, файлды тексеріп шығу қажет.  

Бірнеше қарапайым қауіпсіздік ережелері

  • Мектептегі көп қызметкердерге әкімші құқықтарын беру ұсынылмайды.
    2-3 қызметкер әкімші атқаратын жұмыс көлемін орындай алады, ал олардың санын көбейткенде қауіпсіздік деректердің сақталуына қауіп төндіреді. Осындай деректер білмегендіктен жойылуы мүмкін.
  • Қызметкерлер күрделі құпиясөзді пайдалануы тиіс және оны ешкімге таратпауы қажет, қосымша компьютердің қасынан кетіп қалса тіркеу жазылымынан шығуы қажет. Себебі мұғалім парақшасына оқушылар қолжетімділікті алуы мұмкін.
  • Аптасына 1 реттен кем емес, журналдар мен күнтізбелік жоспарлаудың резервтік көшірмесін жасау. Резевтік көшірме – оқу үлгерімі туралы жоғалған деректерді қалпына келтіру кепілі.

Егер өздігінен деректердің жоғалу себебі табылмаса, онда қолдау қызметіне жазу қажет болады. Хатта мәселені толықтырып жазып, келесі деректерді жазып шығу қажет болады:

  • область/район/елді мекен/мектептің атауы;
  • жоғалған бағалар туралы ақпарат:
    • бағалар жоғалған сынып және пән (немесе қажетті журналға сілтеме);
    • егер бағалар тек қана бірнеше оқушыларды жоғалса – олардың Аты-жөндері;
    • жоғалған бағалардың типі: ағымдағы немесе қорытынды;
    • қорытынды бағалар қойылған күні(дер);
    • бағалар қойылған сабақтың күні(дер);
    • баға қойған мұғалімнің Аты-жөні;
    • баға қойылған парақшаның сілтемесі (журнал, сабақ парақшасы);
    • баға жоғалғанын байқаған нақты күні;
    • журнал тексеріп шығатын браузердің атауы.

Комментарии