Сыныптарды жаңа оқу жылына ауыстыру. Сыныптарды өңдеу

Оқу жылының аяқталу кезеңінде сыныптың тарихын өзгертіп, сол өзгерістерді Білім беру ұйымының профилінде шығатындай, әкімшіге келесі мүмкіндіктер қолжетімді:

  • Жаңа оқу жылына ауыстыру. Сыныптың оқушыларын толық құрамда немесе іріктеліп, сыныпты жаңа оқу жылына өткізуді жүзеге асыруға болады.
  • Мұрағатқа өткізу. Оқу жылындағы сыныптың тарихын жабу мүмкіндігі.
  • Бітіргізіп шығару. Біткен оқу жылындағы сыныптың тарихын жабу мүмкіндігі. Бұл мүмкіндік, сыныптың өңдеуінде «Түлектер сыныбы» баптауы орнатылған жағдайда қолжетімді.

Ескерту: егер сынып жаңа оқу жылына ауыстырылмаса  (мысалы, екі сыныптан бір сынып құрастырылған немесе сынып бітіргізіп шығарылған), «Сыныпты бітіргізіп шығару» немесе «Мұрағатқа өткізу» батырмасы арқылы сыныптың тарихын жабу қажет. Оқу жылы біткеннен кейін барлық сыныптар бітіргізіп шығарылу қажет немесе мұрағатқа өту қажет.

Сынып мұрағатқа өтсе немесе жаңа оқу жылына ауыстырылса, бұл әрекет сыныптар тізімінде көрініп тұрады және сыныптар тізімінің парақшасында арнаулы түспен боялады:

  • қара түспен – жаңа оқу жылына ауыстырылған сыныптар;
  • сұр түспен – «Мұрағатқа» ауыстырылған сыныптар;
  • көк түспен – жаңа оқу жылына да, «Мұрағатқа» да ауыстырылмаған сыныптар.

Сыныпты толық құрамында жаңа оқу жылына ауыстыру үшін:  

  • «Қарап шығу» өрісіне өту;
  • сыныптың ашылған парақшасында «Жаңа оқу жылына ауыстыру» батырмасын басу;
  • «Жалпы сынып» параметрін таңдау;
  • «Ары қарай» батырмасын басу;
  • сыныптың жаңа атауын және параллелін енгізу. Қажет болса, «Түлектер сыныбы» парамертінде құс белгісін қою;
  • «Ары қарай» батырмасын басу;

Ескерту:

  • бұл әрекетті жасау барысында, сыныптың профилінде былтырғы оқу жылындағы енгізілген деректер сақталады;
  • қажет болған жағдайда ауыстыру туралы бұйрықтың деректерін енгізу.

 

Сынытпың оқушыларын таңдап, жаңа оқу жылына ауыстыру үшін:

  • «Қарап шығу» өрісіне өту;
  • сыныптың ашылған парақшасында «Жаңа оқу жылына ауыстыру» батырмасын басу;
  • «Таңдалған оқушылар» батырмасын басу;
  • «Ары қарай» батырмасын басу;
  • оқу жылды таңдап, сыныпты тізімнен таңдап, жаңа оқу жылына ауыстырылатын оқушыларды ауыстыру типін таңдау;
  • «Ары қарай» батырмасын басу;

Қалған оқушыларды бітіргізіп шығару немесе «Мұрағатқа» өткізу жұмысын жасау қажет.

Ескерту:

  • оқушыларды таңдап, жаңа оқу жылына ауыстыру жолы, тек қана жаңа оқу жылында жаңа сынып жасалған жағдайда ғана қолжетімді.
  • қажет болған жағдайда ауыстыру туралы бұйрықтың деректерін енгізу.
  • ауыстыру барысында «Нақты» типін таңдаған кезде, сыныптағы мүшеліктің басталу күнін міндетті түрде енгізу қажет.

 

 

Сыныпты «Мұрағатқа» өткізу үшін:

  • «Қарап шығу» өрісіне өту;
  • «Бітіргіп шығару» немесе «Мұрағатқа өткізу» батырмасын басу.

Егер сынып қате салдарынан бітіргізіп шығарылса, оны қалпына келтіруге болады. Сынып профилін қалпына келтіру үшін:

  • «Қарап шығу» өрісіне өту;
  • «Сынып параметрлері» режимінде, оң жақтағы «Мұрағаннан қалпына келтіру» сілтемесін басу;
  • қалпына келтіруді растау.

Сынып мұрағатқа өткен кезде, сыныптың барлық қатысушылары мектептен шығады. Қалпына келтіру әрекеті тек қана оқушылардың профильдеріне біртіндеп жасауға ғана болады.

Сынып профилін жою үшін:

  • «Қарап шығу» өрісіне өту;
  • оң жақта орналасқан «Жою» батырмасын басу;
  • «Ия, жою» батырмасы арқылы, жоюды растау.

Ескерту: сыныпты жою, тек қана онымен байланысқан ақпарат жоқ болған жағдайда болады: оқушылар, кесте, сабақтар, үй тапсырмалары және бағалар.

Комментарии