Білім беру мекемесінде немесе топта парақшаларды қалай жасау керек?

Парақшаларды жасау мектеп әкімшісінде немесе топтың әкімшісінде бар.

 Парақшаны жасау үшін:

  • ББМ немесе топтың профиліне өтіп, оң жақта орналасқан «Бет» блогына өтіп, «Жасау» батырмасын басу.
  • Парақшаның атауын енгізіп, «Жасау» батырмасын басу.

 Келесі қадамға өткеннен кейін, парақшаның атауын өңдеуге болмайды! Егер парақшаның  атауында қате немесе оның атауын толықтай өңдеу қажет болса, жаңа парақшаны жасау қажет болады және дұрыс атауын енгізіп, ішіндегі деректерді де жаңа парақшаға көшіру қажет болады.

  • Парақшаны толтыру. Қажет болған жағдайда, қосымша мүмкіндіктеріне қарама-қарсы құс белгілері қойылады:
    • ББМ/топтың профилінде жариялау;
    • парақшаға пікір қалдыруға рұқсат беру;
    • дауыс беруді қосу;
    • минустық дауыстарды өшіру;
    • сыртқы әлеуметтік желілердің шарингін қосу.
  • «Сақтау» батырмасын басу.

 Парақшалар жасалған күні бойынша сұрыпталады: тізімнің жоғарғы жағында басқа парақшаларға қарағанда ерте жасалған парақша тұрады.

Парақшаны жою үшін  батырмасына басып,  батырмасын басу қажет.

Комментарии