Сыныпты оқу топтарына қалай бөлуге болады?

Кестені дұрыс құрастыру үшін сыныпты алдын-ала оқу топтарына бөліп шығу қажет. Оқу тобын жасау және өңдеу жұмыстарын сынып парақшасының өңдеуінде жасалады.

Оқу тобын жасау үшін: 

  • «Оқу топтары» өрісіне өту;
  • «Топты құру» батырмасын басу;
  • оқушыларды бөлу әдісін таңдау;
    • «Қолмен» - сыныптың тізімінен оқушыларды оқу тобына қалыптастыру ББМ қызметкері қолмен жасайды;
    • «Ұлдар/Қыздар» - жыныстық белгісі бойынша оқушыларды оқу тобына бөліп шығу;
    • «Әліпби бойынша екі топқа» - әліпби бойынша автоматты түрде оқушылардың топтарға бөлінуі.
  • «Ары қарай» батырмасын басу;
  • ашылған парақшада оқушыларды таңдау және бөлу жұмысын іске асырып немесе алдын көрсетілген бөлу тәсілі бойынша автоматты түрде бөлу нәтижелерін тексеріп шығу;
  • ары қарай, қысқаша атауын енгізу (кестеде шығу үшін) және оқу топтарының толық атауын енгізу;
  • «Топты құру» батырмасын басу.

Барлық оқу топтары жасалғаннан кейін, «Шебер жұмысын аяқтау» батырмасын басу қажет болады.

Оқу топтарымен жұмыс жасау барысында, олардың толық және қысқаша атауларын және оқушылардың тізімін өзгертуге болады. Деректерді өңдеу қажет болған жағдайда, «Өңдеу» сілтемесіне басып, деректерді өзгерту қажет болады.  Бітіру үшін – «Сақтау» батырмасын басу қажет.

Комментарии