Пайдаланушылардың жеке деректерін қалай өзгертуге болады?

Әкімші немесе «Адамдар» блогына қолжетімділігі бар редакторлар Білім беру мекемесінде тіркелген кез келген пайдаланушылардың деректерін өңдей алады.

Бұл үшін қажет:

  • «Әкімшілік ету» бөліміне өту;
  • «Адамдар» блогында, «Адамдар тізімі» бөліміне;
  • Іздеу жолын пайдалану.

Ары қарай өңдеу режиміне өту үшін пайдаланушының Аты-жөніне қарама-қарсы «қарандаш» қойындысына басып немесе Аты-жөні жолына басу қажет. Нәтижесінде «Жеке деректер» қойындысы ашылады.

Қызметкердің «Жеке деректер» қойндысындағы мүмкіндіктер:

  • Аты-жөнін, жынысын, туылған күнін, ұлтын өңдеуге болады;
  • байланыс деректерін өңдеу;
  • әкімші құқықтарын беру;
  • білім беру мекемесінде лауазымды белгілеу (қажет болған жағдайда лауазымның атауын енгізуге болады);
  • жұмыспен қамыту типін көрсету (толық, сырттай жұмыс);
  • біліктілікті көрсету;
  • педагогикалық қызметтің басталу күнін енгізу.

Ата-аналардың «Жеке деректер» қойындысындағы мүмкіндіктер:

  • Аты-жөнін, жынысын, туылған күнін, ұлтын өңдеуге болады;
  • жұмыс орнын және лауазымын көрсету;
  • байланыс деректерін қосу.

Оқушылардың «Жеке деректер» қойндысындағы мүмкіндіктер:

  • Аты-жөнін, жынысын, туылған күнін, ұлтын өңдеуге болады;
  • туу туралы куәліктің мәліметтерін енгізу: нөмірі, кім берді, беру күні;
  • денсаулығы туралы деректерді енгізу:
    • медициналық денсаулық тобы;
    • дене шынықтыру денсаулық тобы;
  • байланыс деректерін қосу.

Комментарии