Әр түрлі сыныптар үшін есептік кезеңдерді құру

Есептік кезеңдер кестені құру үшін арналған. Жүйеде әр түрлі сыныптар үшін есептік кезеңдерді құру мүмкіндігі бар.

Мысалы: жоғары және кіші сыныптардың есептік кезеңнің басталу және аяқталу күндері бір-біріне сәйкес келмегендіктен оларға әр түрлі есептік кезеңдерді жасау қажет, себебі 9 және 11 сыныптар мемлекеттік бақылауларды тапсыратындықтан – есептік кезеңдер басқа сыныптарға қарағанда ерте бітеді.

Есептік кезеңдер тоқсандардың, семестрлердің және т.б басталу және аяқталу күндерін орнатады, оған қоса есептік кезеңдерде мерекелік күндер орнатылады және кесте жасаған кезде осы мерекелік күндерге кесте жарияланбайды. Сондықтан есептік кезеңдердің дұрыс жасалуы, кестенің дұрыс құрастырылуына зор әсерін тигізеді.

Маңызды! Есептік кезеңдер барлық сыныптар үшін "Тоқсандар" типі негізінде құрылуы қажет. Басқа есептік кезең типтерін таңдау ұсынылмайды. 

Бірнеше есептік кезеңдерді жасау үшін:

  • ББМ-нің барлық қызметкерлеріне түсінікті болатындай атауымен (мысалы, «Кіші сыныптар үшін тоқсандар» және «Жоғары сыныптар үшін есептік кезең») есептік кезеңді жасау:

 

mceclip0.png

 

  • әр жасалған есептік кезеңнің басталу және аяқталу күндерін дұрыс енгізу қажет:

 

 

  • мектептің жоғары және кіші сыныптардың өңдеуінде жасалған есептік кезеңді орнату.

 

Ескерту: Бірінші сыныптар үшін бөлек есептік кезеңдерді жасау ұсынылады (мысалы, «1-сыныптар үшін тоқсандар»), себебі 1-сыныптарда 3 тоқсанның ортасында қосымша демалыс күндері болады.

1-сыныптарға арналған есептік кезеңді жасау барысында, қосымша демалыс күндерін, мерекелік күндер ретінде белгілеу қажет. Осылайша осы күндер есепте ескерілмейді. Толығырақ ақпарат «Бірінші сыныптарға арналған демалыс күндерін Жүйеге енгізу нұсқаулығы» мақаласында көрсетілген. 

Комментарии