Білім алушы немесе қызметкерді басқа Білім беру мекемесінен қалай қосуға болады?

Егер оқушы немесе қызметкер Жүйенің пайдаланушысы ретінде тіркелген болса, және басқа Білім беру мекемесінде болса, онда Жүйеде жаңа парақшаны тіркеу қажеті жоқ. Әкімшіге сол пайдаланушыны іздеу операциясын өткізіп, оны Білім беру мекемесіне қосып шықса, жеткілікті.

Ескерту: жүйеге қосуды бастағанша әкімшіге пайдаланушыдан келесі деректерді біліп шығу қажет:

  • есімі;
  • тегі;
  • пайдаланушы аты.

Ескерту: пайдаланушыны басқа Білім беру мекемесіне қосу, тек қана сол пайдаланушының профилі белсендірілген жағдайда ғана қосуға болады.

Пайдаланушының профилін қосу үшін:

  • «Әкімшілік ету» бөліміне өтіп, «Адамдар» блогындағы «Жаңа адам» батырмасын басу;
  • қосу әдісін таңдау: «Жүйеде бар пайдаланушы (осы немесе басқа ББМ-нен)» және «Ары қарай» батырмасын басу;
  • ашылған парақшасында:
    • рөлді белгілеу;
    • оқу жылын және сынып/топты таңдау (тек қана оқушыны қосқанда);
    • білім беру мекемесіне және сыныпқа/топқа келу күнін енгізу (тек қана оқушыны қосқанда);
    • пайдаланушының жеке деректерін енгізу;

 

 

  • деректерді енгізуді аяқтау және сақтау үшін «Ары қарай» батырмасын басу;
  • «Жасау» немесе «Жасау және тағы қосу» батырмасын басқанда деректерді енгізуді жалғастыру қажет.

Ескерту: ата-аналардың деректері білім беру мекемесінде автоматты түрде пайда болады, егер олар бұрыннан оқушының жеке парақшасында туыстық қатынас орнатылған болса. Деректердің бар екенін тексеру үшін, оқушының парақшасын мектепке қосқаннан кейін ғана «Туысқандар» бөлімінде тексеруге болады.

Комментарии