Бірінші сыныптарға арналған демалыс күндерін Жүйеге енгізу нұсқаулығы

Жүйеде бірінші сыныптарға арналған демалыс күндерін рәсімдеудің екі түрі бар. Осы екі нұсқасы дұрыс және пайдалануға ұсынылған.

Бірінші сыныптар үшін бөлек есептік кезеңді жасау

Оқу жылының басында бірінші сыныптарға арналған бөлек есептік кезеңді жасау қажет және демалыс күндерін мерекелік күндер ретінде белгілеу қажет. Мұндай жағдайда белгіленген күндер бойынша кесте жарияланбайтын болады. Есептік кезеңді бірінші сынып парақшасының өңдеуінде қосу қажет болады.

 

 

Демалыс күндерін кестеден жойып шығу

Егер оқу жылының басында бірінші сыныптарға арналған бөлек есептік кезең жасалмаған болса, сол сыныптардың демалыс күндеріне орнатылған сабақтарды кестеден жойып шығу қажет болады. Кестеде сабақты жою немесе аптаның сабақтарын жою туралы нұсқаулықты «Кесте» модулінің нұсқаулығында оқуға болады.

Ескерту: ұсынылған нұсқаулықтар бойынша Жүйеде жұмыстарды жасап болғаннан кейін бірінші сыныптардың демалыс күндер кезеңінде «Кесте толықтығының дәрежесі» көрсеткіші нашар болады. Бұл есептің дұрыс қалыптастыруын белгілейді және ББМ қызметкерлерінің жұмыс сапасының төмендігін көрсетпейді.

Комментарии