Жүйеге кіру үшін қолданылатын деректерді қалай қалпына келтіруге болады?

Егер пайдаланушы өзінің профилінде электрондық поштасын растаған болса, онда ол жүйеге кіруге қажетті деректерді өзідігінен қалпына келтіре алады. Пайдаланушы аты мен құпиясөздің екеуі де ұмытылып кеткен болса да, қалпына келтіруге болады.

Егер пайдаланушы өзінің профиліндегі электрондық поштаны растамаған болса, ол білім беру ұйымының әкімшілеріне немесе сынып мұғалімдеріне хабарласуы керек.

Ескерту: әкімшілер туралы ақпарат «Әкімшілер» блогындағы ұйымның профилінде, сынып мұғалімдері туралы ақпарат «Сынып қызметкерлері» блогындағы сынып профилінде.

Қатынасты қалпына келтіру

1-қадам. Сайттың басты бетінде «Қатынасты қалпына келтіру» тармағын таңдаңыз.

 

 

2-қадам. Бұдан әрі мәселенің түрін көрсету керек:

 

 

Пайдаланушы аты жоғалған жағдайда не істеу керек?

Бұл жағдайда ақпарат алу үшін «Пайдаланушы атымды ұмыттым» опциясын таңдап, келесі өрістерді толтырыңыз:

  • электрондық пошта;
  • туған күні;
  • суреттегі сандар.

 

 

Пайдаланушы аты көрсетілген электрондық поштаға тек туған күні бірдей болса ғана жіберіледі.

Құпия сөз жоғалса не істеу керек?

Бұл жағдайда, сіз «Құпиясөзімді ұмыттым» опциясын таңдап, өрістерді толтырыңыз:

  • кіру;
  • суреттегі сандар.

 

 

Құпиясөзді қалпына келтіретін сілтеме электрондық поштаға жіберіледі. Сонымен қатар, екі терезенің ашық өрісінде жаңа құпия сөз енгізіледі.

 

 

Егер пайдаланушы аты мен құпиясөз жоғалтып алсаңыз не істеу керек?

Бұл жағдайда «Пайдаланушы аты мен құпиясөз есімде жоқ» опциясын таңдау керек:

  • пішін «Пайдаланушы атым есімде жоқ» тармағына ұқсас;
  • Қалпына келтіру жолы «Құпиясөзім есімде жоқ» жағдайымен бірдей.

Қатынасты қалпына келтірудің кез келген қиындықтары болса, білім беру ұйымының әкімшілеріне немесе сынып мұғалімдеріне хабарласыңыз.

Ескерту: әкімшілер туралы ақпарат «Әкімшілер» блогындағы ұйымның профилінде, сынып мұғалімдері туралы ақпарат «Сынып қызметкерлері» блогындағы сынып профилінде.

Комментарии