Тұлғаны/пайдаланушыны қалай жою қажет?

Жүйеде жазбаның екі түрі бар: тұлға және пайдаланушы:

  • Бірінші рет кіруге арналған пайдаланушы атымен құпиясөзді пайдаланып, тіркеу процессін өтпеген бірақ жүйеге енгізілген қатысушылар – тұлға деп аталады.
  • Тіркеу процессін сәтті аяқтаған қатысушы – пайдаланушы деп аталады. Әр пайдаланушының жүйеде жеке парақшасы бар, бұл парақшада пайдаланушы туралы ақпарат және онымен қарым-қатынас құралдары берілген.

«Әкімшілік ету» – «Адамдар тізімі» бөлімінде пайдаланушылар Аты-жөнінің сол жағында порталдың сурет белгісімен белгіленген. Аты-жөні жолағы - бұл деректерді өңдеу режиміне кіру сілтемесі, сондай-ақ толық атаудың оң жағында орналасқан қарындаш белгішесі.

Қатысушының деректерін жою, егер пайдаланушы тіркелмеген болса ғана мүмкін болады. Пайдаланушыны жою мүмкін емес. Оны тек ұйымнан шығаруға болады, яғни «Мұрағатқа» көшіру.

Тұлғаны жою үшін:

  • «Адамдар» блогындағы «Адамдар тізімі» пунктіне басу;
  • деректерді өңдеу режиміне кіру үшін қажетті қатысушының Аты-жөніне қарама-қарсы «қарындаш» белгішесін басу немесе қатысушының Аты-жөніне басу. Қатысушының парағы «Деректер» қойындысында ашылады;
  • «Тұлғаны жою» батырмасын басып, жоюды растау қажет.

 ББМ тұлғаны жасаудан кейін, тек қана 48 сағаттың ішінде болады.  48 сағат өткеннен кейін тұлғаны жою процессінде ол «Мұрағатқа» өтеді. 

Пайдаланушыны мектептен шығару үшін:

  • пайдаланушы парақшасында «Қарап шығу» қойындысына өту;
  • экранның оң жағындағы «Мектептен шығару» сілтемесіне басу;
  • шығу себебін көрсету (қажет болған жағдайда оқушының шығаруға бұйрықтың күнін, түрін және нөмірін көрсетуге болады);
  • «Әрі қарай» батырмасына басу;
  • «Иә, шығару» батырмасына басу арқылы шығаруды растау қажет.

Қатысушы шығару кезінде «Нақты» немесе «Қате салдарынан» шығару түрін таңдау қажет:

  • «Нақты» типі білім алушының ББМ көрсетілген күнімен шығатынын білдіреді. Мұндай жағдайда нақты шығу күнін енгізу қажет болады.
  • «Қате салдарынан» типі білім алушының ББМ ешқашан оқымағандығын және парақшаға қате салдарынан енгізілгендігін білдіреді. Шығу күнін енгізу қажет емес.

Ата-ананы оқушының парақшасы мен ата-анасының парақшасы арасындағы туыстық қатынасты жою арқылы ғана ұйымнан шығаруға болады.

Комментарии

  • Avatar
    Жамила Куанышевна Аргымбаева

    Саламатсыздарма! Менде есептер болімінде бір мұғалім екі рет шығып тур сонын біреуін калай өшіремін. Біріншісінде пайыздары шығып тур, екіншісінде 0 деп түр, сол 0 деп турганын ошіре алмай жатырмын. Адамдар тізімінде ол мугалім бір еу ак болып шыгып тур, ал есептік кежендерді ашссам екеу болып шыгады. Осыган жауап жазасыздарма өтініш мейлінше тез болса

  • Avatar
    Алия Искандерова

    Қайырлы күн, Жамила Куанышевна Аргымбаева!

    Сізден team@kundelik.kz сұрағыңызды толықтырып жазып жіберуіңізді сұраймыз.

     

    Изменено: Алия Искандерова