«Ата-ана» және «Мұғалім» рөлдерін қалай біріктіруге болады? Рөлдердің біреуін қалай алып тастауға болады?

«Ата-ана» рөлі бар пайдаланушыға «Қызметкер» рөлін қосу

«Ата-ана» рөлі бар пайдаланушыға «Мұғалім» рөлін қосу үшін келесі қадамдарды жасау қажет:

Қадам 1:  «Адамдар» блогында, «Әкімшілік ету» қойындысында «Жаңа адам» бөлімін басу.

Сондай-ақ, «Адамдар тізімі» қойындысында, парақшаның жоғарғы оң жақ бұрышында «Қатысушыны қосу» сілтемесіне басып, бұл процессті жасауға болады. 

Қатысушыны қосу тісілін таңдау: «Басқа мектептен».

Қадам 2. «Мұғалім» лауазымын, келу күнін, аты-жөнін, пайдаланушы атын, таңдау қажет.

 

 

Қадам 3. Ашылған бетте енгізілген мәліметтерді мұқият тексеріп, «Жасау» батырмасын басу қажет.

Енді пайдаланушы «Ата-ана» және «ББМ қызметкері» рөлдерін біріктірген.

«Қызметкер» рөлі бар пайдаланушыға «Ата-ана» рөлін қосу

Қадам 1. «Әкімшілік ету» бөліміне өтіп, «Адамдар тізімі» қойындысына өту.

Қадам 2. Мұғаліммен туыстық қатынасты орнатуға арналған оқушының Аты-жөнін енгізу.

Қадам 3. Аты-жөнінің оң жағында орналасқан «қарындаш» батырмасын басу.

Қадам 4. «Туысқандар» қойындысына өтіп, «Туысқанды қосу» батырмасын басу.

 

Қадам 5. «Сіздің мектебіңізден» қойындысын таңдап, мұғалімнің Аты-жөнін енгізіп, «Табу» батырмасын басу.

Қадам 6. Мұғалім аты-жөнінің үстіне басып, ашылған терезеде туыстық қатынасты таңдап, «Бекіту» батырмасын басу.

 

 

Енді пайдаланушы «Ата-ана» және «ББМ қызметкері» рөлдерін біріктірген.

«Ата-ана» рөлі бар пайдаланушынан «Мұғалім» рөлін жою

Қадам 1: «Әкімшілік ету» бөліміне өтіп, «Адамдар тізімі» қойындысына өту.

Қадам 2: Аты-жөнінің оң жағында орналасқан «қарындаш» батырмасын басу.

Қадам 3: Парақшаның оң жағында орналасқан «Мектептен шығару» батырмасын басу.

 

 

Қадам 4: «Нақты» шығару типін таңдап, мүшеліктің аяқталу күнін енгізіп, «Ары қарай» батырмасын басып, шығаруды растау. Шығарғаннан кейін пайдаланушының парақшасында тек қана «Ата-ана» рөлі сақталады.

 

«Ата-ана» рөлі бар пайдаланушынан «Ата-ана» рөлін жою

Қадам 1: «Әкімшілік ету» бөліміне өтіп, «Адамдар тізімі» қойындысында пайдаланушының Аты-жөнін енгізіп, «Табу» батырмасын басу.

Қадам 2:  Аты-жөнінің оң жағында орналасқан «қарындаш» батырмасын басу.

Қадам 3: «Балалар» қойындысына өтіп, бала Аты-жөнінің жажындағы  басу. Деректерді растағаннан кейін пайдаланушыда тек қана «Мұғалім» рөлі сақталады.

 

Комментарии