Бастапқы пайдаланушы атымен құпиясөзді қалай басып шығару қажет?

Білім беру мекемесінің әкімшісі пайдаланушы атымен құпиясөзді екі түрлі тәсілмен бере алады:

Нұсқа 1: Пайдаланушы атымен құпиясөзді басып шығару

 «Әкімшілік ету» бөлімінде, «Шақырулар» блогында сыныптың (кодын) нөмірін «Сынып» тармағында енгізіп, «Табу» батырмасын басу қажет.

 Сыныптың кодын, сынып парақшасында көрсетілгендей атауын енгізу маңызды.

Ары қарай барлық пайдаланушыларды құс белгісімен белгілеп, шақыруларды басып шығару қажет.

Нұсқа 2: Пайдаланушы атымен құпиясөзді электронды поштаға жіберу

 Деректерді электронды поштаға жіберу үшін:

  • Пайдаланушының деректерін өңдеу парақшасына өту;
  • «Шақыру жіберу» сілтемесіне басу.

 Пайдаланушы атымен құпиясөз, пайдаланушының аты-жөні мен туылған күніне қарап, автоматты түрде шоғырланады. Тіркеу қадамдарын өткеннен кейін пайдаланушы деректерді өзгерте алады.

Комментарии