Бастапқы кіруге арналған пайдаланушы аты мен құпиясөзді қалай басып шығару қажет?

Білім беру мекемесінің әкімшісі пайдаланушы аты мен құпиясөзді екі түрлі тәсілмен бере алады:

Нұсқа 1: Пайдаланушы аты мен құпиясөзді басып шығару

 «Әкімшілік ету» бөлімінде, «Шақырулар» блогында сыныптың (кодын) нөмірін «Сынып» тармағында енгізіп, «Табу» батырмасына басу қажет.

 Сыныптың кодын, сынып парақшасында көрсетілгендей атауын енгізу маңызды.

Ары қарай барлық пайдаланушыларды құс белгісімен белгілеп, шақыруларды басып шығару қажет.

Нұсқа 2: Пайдаланушы атымен құпиясөзді электронды поштаға жіберу

 Деректерді электронды поштаға жіберу үшін:

  • Пайдаланушының деректерін өңдеу парақшасына өту;
  • «Шақыру жіберу» сілтемесіне басу.

 Пайдаланушы аты мен құпиясөз, пайдаланушының аты-жөні мен туылған күніне қарап, автоматты түрде шоғырланады. Тіркеу қадамдарын өткеннен кейін пайдаланушы деректерді өзгерте алады.

Комментарии