Пайдаланушыны қалай жою және мектептен шығару / «Мұрағатқа» өткізу қажет?

Пайдаланушының деректерін «Қазір мектепте» тізімінен «Мұрағат» тізіміне өткізу үшін «Мектептен шығару» процессі қарастырылған.

Бұл процесс келесі жағдайларда қолданылады:

  • Қызметкер жұмысын тоқтату барысында;
  • Білім алушы мектепте білім алуды бітірді немесе басқа білім беру мекемесіне ауысты.

«Мектептен шығару» процессі жоба пайдаланушының жеке парақшасында қолжетімді («Әкімшілік ету» / «Адамдар тізімі» / пайдаланушының Аты-жөні / «Қарап шығу» қойындысы).

Бұл процесс түрі тек қана қызметкерлер немесе білім алушыларға арналған. «Мектептен шығару процессін өткізу барысында, білім алушының деректерін «Мұрағат» бөлімшесіне өткізу үшін  Ата-аналардың деректері автоматты түрде «Қазір мектепте» тізімінен шығып кетеді.

Мектептен шығарудың 2 түрі бар:

  • «Нақты» типі білім алушының ББМ көрсетілген күнімен шығатынын білдіреді. Мұндай жағдайда нақты шығу күнін енгізу қажет болады.
  • «Қате салдарынан» типі білім алушының ББМ ешқашан оқымағандығын және профиль қате салдарынан енгізілгендігін білдіреді. Шығу күнін енгізу қажет емес.

«Нақты» типімен шығару барысында, мүшеліктің аяқталу дұрыс күнін және шығару типін енгізу маңызды. Сыныптағы және ББМ мүшеліктің басталу және аяқталу күндерінің дұрыс енгізілгені жүйенің жөнді жұмыс жасауының және білім алушылардың қозғалысы туралы есебінің дұрыс қалыптастыруын қамтамасыз етеді.

Мектептен шығарылған пайдаланушыға «Бағдарламалар ортылығы» бөлімінің бірқатар сервистері және Жүйенің әлеуметтік мүмкіндіктері қолжетімді болады. Бірақ білім беру мекемесіне қатысты, жалпыға бірдей қолжетімділікті қоспағанда, қолжетімсіз болады.

Белсендірілмеген парақшаны немесе пайдаланушыны «Мұрағаттан» қалпына келтіру «Пайдаланушыны қалпына келтіру» процессі мүмкіндік береді.

Пайдаланушының парақшасын қалпына келтіру барысында қалпына келтіру типін таңдау қажет:

  • «Нақты» типі білім алушының мекемеден шыққанын және сол білім беру мекемесіне қайта келгенін білдіреді. Мұндай жағдайда ББМ нақты келу күнін енгізу қажет.
  • «Қате салдарынан» типі білім алушының ББМ шықпағандығын және қателікпен шығарғандығын білдіреді. Мұндай жағдайда нақты келу күнін және нақты сыныпты енгізу қажет.

 «Мұрағатта» тұрған пайдаланушылардың деректерін импорттаған кезде, жүйе «Бұл пайдаланушы жүйеде бұрыннан тіркелген» деген ескерту жасайды. Бұл пайдаланушыларға қалпына келтіру жұмысын жасау қажет болады.

Комментарии