«АКТ» пәні бойынша 3-4 сыныптарда журналды жүргізу нұсқаулығы

3 және 4 сыныптарда «АКТ» пәні бойынша (№509 бұйрықтың көрсетілген тармақтары бойынша) электрондық журналды жүргізу үшін 1 және 2 тоқсандарда БЖБ және ТЖБ енгізу қажет.

3 тоқсаннан бастап, электронды журналда «АКТ» пәні бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді. Екінші жартыжылдықтың журналы бос қалады, «Макс.балл» қойылмайды.

 

Журналдың толық нұсқасы

Оқу жылының соңында, журналды мұрағатқа тапсырар алдында екінші жартыжылдықтың ұяшықтарына және жылдық ұяшықтарға «ЕСП» және/немесе «ЕСЖ» деген белгілер қойылады.

Ол үшін келесі қадамдарды жасау қажет:

  • журналдың толық нұсқасын басып шығару;

 

w256h2561372777059Exclamation.pngЖурналдың толық нұсқасы бар PDF файл ашылады.

  • оны World форматына түрлендіру.

Ескерту: түрлендіру үшін, қосымша платформаларды пайдалану ұсынылады, мысалы: https://pdf2docx.com/ru/.

mceclip1.png

 

 

  • «АКТ» (информатика) пәні бойынша «ЕСП» және/немесе «ЕСЖ» бағаларын қою:
    • журналдың баспа нұсқасындағы пән бетінде;
    • білім алушылардың үлгерімі мен тәртібін есепке алудың жинақ тізімдемесіне.
  • өңдегеннен кейін, файлды PDF пішімінде сақтау.  

 

 

w256h2561372777059Exclamation.pngWorld пішімінде журналдағы кейбір элементтер бұрмалануы мүмкін, мысалы, беттердің нөмірленуі немесе бағанадағы пәннің атауы. Бұл бұрмалауларды түзету қажет емес, PDF файлын сақтай отырып, барлық бұрмалаулар ескерілмейді және журналдағы ақпарат дұрыс бейнелетін болады.

 

Үлгерім табелі

Үлгерім табеліне өзгерістерді енгізу үшін оны жүйеден шығару қажет. Үлгерім табелі туралы толық ақпарат «Үлгерімі: Оқушылар» есебі мақаласында сипатталған.

Үлгерім табелінде пән бойынша тиісті өзгерістер енгізу үшін:

  • үлгерім табелін басып шығару;
  • оны World пішіміне түрлендіру; 
  • тиісті бағанға баға енгізу. 

 

w256h2561372777059Exclamation.pngWorld пішімінде журналдағы кейбір элементтер бұрмалануы мүмкін, мысалы, беттердің нөмірленуі немесе бағанадағы пәннің атауы. Бұл бұрмалауларды түзету қажет емес, PDF файлында сақтай отырып, барлық бұрмалаулар ескерілмейді және журналдағы ақпарат дұрыс бейнелетін болады.

Ескерту: сынып бойынша үлгерім есебін қолмен есептеу қажет болады.

w256h2561372777059Exclamation.pngҮлгерім табелін басып шығарған уақытта файлды түрлендірмей, қажетті бағаларды қолмен енгізу ұсынылады.

Комментарии

  • Avatar
    Гүлғайша Жұмахан

    Сәлеметсіздерме, басып шығару деген жерде тек 1 сы ғана тұр
    Екіншісін қалай шыгарады