«Ұйым туралы» есебі

Есеп ұйым парақшасына енгізілген келесі мәліметтер негізінде автоматты түрде толтырылады:

  • ББМ-ң толық және қысқаша атауы, ұйым формасы, типі және түрі («Әкімшілік» бөліміндегі «Параметрлер» блогында - «Ұйым туралы» өрісінде толтырылады);
  • мекен-жай («Әкімшілік» бөліміндегі «Анықтамалар» блогында - «Ғимарат» өрісінде толтырылады);
  • лицензия және мемл. аккредитация туралы куәлік реквизиттері («Әкімшілік» бөліміндегі «Параметрлер» блогында - «Қосымша мәліметтер» өрісінде толтырылады);
  • директордың Аты-жөні және лауазымының толық атауы (Әкімшімен басшының жеке парақшасына енгізіледі);
  • телефон нөмірлері, электрондық пошта, веб-сайт мекен-жайы («Әкімшілік» бөліміндегі «Параметрлер» блогында - «Байланыс деректері» өрісінде толтырылады);
  • оқушылар мен мұғалімдердің жалпы саны («Оқушы» және «Мұғалім» рөлдеріндегі адамдар мен пайдаланушылар саны автоматты түрде ұйым парақшасында есептеледі).

Ескертулер:

  • Егер ұйым басшысының парақшасында «Лауазымның қоғамдық атауы» өрісінде ақпарат болмаса, онда есепте «Басшының лауазымы» бағанында автоматты түрде «Директор» көрсетіледі.
  • «Мұғалімдер» бағанында, парақшасында төменде көрсетілген параметрлер бойынша қызметкерлер ескеріледі:
    • Лауазымы: «Педагогикалық қызметкер»;
    • біліктілігі: «жоғары санат», «1 санат», «санатсыз» (қызметкердің жеке деректерін редакциялау кезінде «Адамдар» блогына толық қол жетімді әкімші немесе редактор көрсетеді).
  • Сыныптарды сатылар бойынша бөлу сынып баптауларында параллельді дұрыс көрсеткен жағдайда автоматты түрде жүргізіледі. Әрі қарай параллель дегеніміз не және оны қалай өңдеуге болатындығы туралы толығырақ ақпарат - «Параллель деген не және оны қалай өңдеуге болады?» мақаласында сипатталған.

 

 

Есептің көрінуі: барлық қызметкерлеріне. 

Комментарии