«ЭЖК жүргізу статистикасы: Мұғалімдер» есебі

Есеп білім беру ұйымында сабақ беретін белгілі бір қызметкердің нақты уақыт аралығына пән журналын және күнтізбелік жоспарлау жүргізуді бақылауға және талдауға мүмкіндік береді.

Есепті құрастыру үшін келесі деректерді көрсету қажет:

  • оқу жылы;
  • уақыт аралығы;
  • мұғалімнің аты-жөні.

Содан кейін «Есепті құрастыру» батырмасына басу қажет. 

w256h2561372777059Exclamation.png Егер қызметкердің аты-жөні көрсетілмесе, есеп қалыптастырылмайды! 

Есеп мынадай ақпаратты қамтитын кесте түрінде қалыптастырылады:

  • қызметкер сабақ беретін сыныптар;
  • қызметкер сабақ беретін пән;
  • сабаққа қатысушылар (барлық сынып немесе оқу тобы);
  • қызметкердің Ү/Т бар сабақтардың %;
  • қызметкердің тақырыптарды толтыру %;
  • қызметкердің жоспарлауды жүргізу %;
  • қызметкердің журналды жүргізу %;
  • қызметкердің журналды уақытылы жүргізу %.

 

Аналитикалық параметрлерді есептеу үшін төмендегі формулалар қолданылады:

  • Ү/Т бар сабақтардың % = 100 * (ҮТ берілген сабақтардың саны) / (сабақ кестесіндегі таңдалған уақыт аралығындағы сабақтар саны).

Ескерту: есепте пәндер бойынша алғашқы сабақтар есепке алынбайды, себебі есептік кезеңде бірінші сабаққа ҮТ берілмейді. Сондай-ақ, «Ү/Т бар сабақтардың %» параметрі неге 100% - ға тең емес екенін «Неліктен үй тапсырмасы бар сабақтардың көрсеткіші 100% емес?» мақаласынан оқуға болады.

w256h2561372777059Exclamation.png «Ү/Т бар сабақтардың %» параметрі ҮТ-ны орындау мерзімі мен авторлығы бойынша ескереді. 

  • Тақырыптарды толтыру % = (толтырылған тақырыптар саны) * 100% / жалпы сабақтардың саны.

  • Жоспарлауды жүргізу % = 100 * (ең кемінде бір ҮТ берілген сабақтардың саны немесе сабақ тақырыбы толтырылған сабақтар саны) / (таңдалған уақыт аралығындағы сабақтар саны).

  • Бағалар қойылған журналдар саны = есеп беру кезеңінде ең болмағанда бір баға бар мұғалім журналдарының саны, ең болмағанда қатысуы туралы бір белгі, ең болмағанда сабаққа бір түсініктеме немесе сабақ өткізу туралы белгі қойылған және мұғалім толтыруға міндетті журналдардың жалпы саны.

  • Журналды жүргізу = 100 * (таңдалған кезеңдегі ең кемінде бір баға, сабақтан қалу туралы белгі, сабаққа берілген түсінік, сабақ өткізілгені туралы қанат белгісі қойылған сабақтар саны) / (таңдалған уақыт аралығындағы сабақ кестесіндегі сабақтар саны).

  • Журналды уақытылы жүргізу = 100 * (кезең бойынша уақытылы қойылған бағалар, сабақтан қалу белгісі, сабақтағы жұмыс үшін берілген түсінік саны / жалпы қойылған бағалар, сабақтан қалу белгісі, сабақтағы жұмыс үшін берілген түсінік саны)

Ескерту: көрсеткіштерді есептеу кезінде жоспар бойынша сабақтар және нақты өткізу күні есептік кезеңге түсетін көшірілген сабақтар есепке алынады. Бас тартылған сабақтар есепке қатыспайды.

Есепте көрінуі: ББМ барлық қызметкерлеріне.

Комментарии

  • Avatar
    Айнур Хинекина Самиголлаевна

    Саламатсызба! Журналды уақытылы жүрг"зу графасында неге сызықша белгісі тұр? Оны қалай жүз пайыз етеміз?