«Сабаққа қатысу: Жалпы» есебі

«Сабаққа қатысу: Жалпы» есебі оқушының журналға есептік кезең ішінде қойылған сабақтан қалу мен кешігулер туралы деректердің негізінде автоматты түрде толтырылады.

Есепті құрастыру үшін келесі деректерді көрсету қажет:

  • оқу жылы;
  • уақыт аралығы;
  • сабақтан қалу себебі:
    • «Ж» - дәлелсіз себептермен болмауын белгілеу үшін;;
    • «А» - ауру себебі бойынша болмауын белгілеу үшін;
    • «Д» - дәлелді себеппен болмауын белгілеу үшін;
    • «К» -  сабаққа кешігуін белгілеу үшін;
    • «Ж» + «Д» + «А» - барлық себептер бойынша сабақтан қалу;
  • себепсіз келмеу минимумы.

Ескерту: әдепкі түрде, көрсетілген ең аз сабақтан қалу саны = 1. Бұл санды өңдеу мүмкіндігі әкімшілерге және редакторларға берілген.

Есеп мынадай ақпаратты қамтитын кесте түрінде қалыптастырылады:

  • сынып атауы;
  • сабақтан қалу саны ең аз (есепті құрастыру үшін көрсетілген) оқушылар саны;
  • сабақтан қалу саны ең аз (есепті құрастыру үшін көрсетілген) оқушылардың аты-жөндері.

Ескерту: сабақтан қалудың ең аз саны барлық пәндер үшін жинақталады.

Есеп кестесінде сондай-ақ есептеледі:

  • параллельдегі ең аз сабақтан қалған оқушылар саны;
  • оқу сатылары бойынша ең аз сабақтан қалған оқушылар саны.

Ескерту: сынып атауындағы сілтеме, нақты сынып бойынша «Сабаққа қатысу: Сыныптар» есебіне жүргізіледі.

Есептің көрінуі: барлық қызметкерлерге.

Комментарии