«Сабаққа қатысу: Ақпар» есебі

«Сабаққа қатысу: Ақпар» есебі білім алушының журналға есептік кезең ішінде қойылған рұқсаттамалар мен кешігулер туралы деректердің негізінде автоматты түрде толтырылады.

Есепті құрастыру үшін келесі ақпаратты белгілеу қажет:

  • оқу жылы;
  • уақыт аралығы.

Ескерту: әдепкі бойынша ағымдағы оқу жылы және уақыт аралығы ағымдағы аптаға сәйкес келеді.

Есеп кесте түрінде қалыптастырылады, онда таңдалған кезең үшін келесі ақпарат бар:

Кесте №1 (барлық ұйым бойынша мәлімет):

  • білім беру ұйымының атауы;
  • қатысу туралы белгі қойылмаған журнал ұяшықтарының пайыздық үлесі;
  • ұйымдағы сабаққа қатыспағандардың жалпы саны;
  • «А» белгісі бар сабаққа қатыспағандардың жалпы саны;
  • «Ж» белгісі бар сабаққа қатыспағандардың жалпы саны;
  • «Д» белгісі бар сабаққа қатыспағандардың жалпы саны;
  • осы сабақтарға қатысуы тиіс ұйымдардағы білім алушылардың санына сабақтардың жалпы санының көбейтіндісі (журналдағы ұяшықтардың жалпы саны).

Кесте №1 (сыныптар бойынша жиынтық):

  • сынып атауы;
  • қатысу туралы белгі қойылмаған журнал ұяшықтарының пайыздық үлесі;
  • сыныптағы сабаққа қатыспағандардың жалпы саны;
  • «А» белгісі бар сабаққа қатыспағандардың жалпы саны;
  • «Ж» белгісі бар сабаққа қатыспағандардың жалпы саны;
  • «Д» белгісі бар сабаққа қатыспағандардың жалпы саны;
  • сынып сабақтарының санын осы сабақтарға қатысуы тиіс сынып оқушыларының санына көбейту (журналдағы ұяшықтардың жалпы саны).

Ескерту: сыныптар тізіміне таңдалған уақыт аралығында келесі шарттар орындалған сыныптар ғана түседі:

  • кестеде кем дегенде бір сабақ бар;
  • белсенді мүшелігі бар кем дегенде бір оқушы бар (яғни сынып бос емес).

Көрсеткіштерді есептеу үшін келесі формула қолданылады:

қатысу % = ((сабақтар саны * оқушылар саны - сабаққа қатыспау саны) / (сабақтар саны * оқушылар саны) * 100%

Мысал: 10 адамнан тұратын сыныпта есептік аптада 20 сабақ өтті. Екі оқушы барлық кезеңге ауырып қалды. Сонда: 

  • сабаққа қатыспау саны: 2*20=40;
  • сабақтар саны * оқушылар саны: 20*10=200.

Барлығы қатысу % = ((200-40)/200)*100%=80%.

Комментарии