Жиынтық бағалау деген не және бағалар қалай есептеледі?

Критериалды бағалау – жиынтық және формативті бағалауды білдіреді.

  • Формативті бағалау – бұл бағалау түрінде, оқушылардың ағымдағы үлгерімі туралы кері байланысты (түсініктемерлер және ұсыныстар) ретінде көрсету мақсатында, оқушылардың үлгерімін жақсарту мақсатында Ата-аналарға және оқушыларға арналған бағалау түрі.

Ескерту: сөздік бағалау, БЖБ және ТЖБ нәтижелерін және жылдық бағалардың есептеуіне саналмайды.

  • Жиынтық бағалау - белгілі бір кезең аяқталғаннан кейін баллмен есептелетін (БЖБ) және оқу бағдарламасының бөлімдерді бойынша (ТЖБ) бағаланатын бағалау түрі. Қойылған балл негізінде оқу кезеңі және жылдық бағалар бойынша автоматты түрде есептеледі.

Жиынтық бағалау журналына:

  • Бөлім бойынша әрбір жиынтық жұмысқа балл қойылады (БЖБ) – жиналған балл сомасы және оқу жетістіктеріне тиісті деңгейі.
  • Тоқсан бойынша жиынтық жұмысқа балл қойылады (ТЖБ) – сипаттамаға сәйкес жиналған балл сомасы.
  • Сабаққа қатысу туралы белгі.
  • Формативті бағалау - критериалды журналда сөздік бағалау болып табылады.

 

                       Формативті бағалау

Төменде белгіленген 5-баллдық бағалау түрінің фомативті бағалаумен сәйкестігі:

mceclip1.png

 

Жиынтық бағалау

Оқушылардың үлгерімін бақылау тоқсанның соңында оқу материалдарының мазмұнын игеру деңгейін анықтау және тіркеп отыру үшін тақырыптық жиынтық бағалау түрінде оқытушылар жүзеге асырады.

Бөлім / өтпелі тақырыбы бойынша алынатын жиынтық бағалаудың нәтижелері бойынша (бұдан әрі - БЖБ) оқушыларға тоқсандағы оқу жетістіктерін бағалау кезінде ескерілетін баллдар қойылады.

БЖБ тоқсанның екінші жартысында бір рет, оның аяқталуынан кемінде екі апта бұрын, тоқсанның бір бөлімін (тақырыпты) өту барысында өткізіледі. Оны екі кезеңде өткізуге рұқсат етіледі.

Жиынтық бағалау бағалары математикалық дөңгелектеу ережесі бойынша есептелінеді және үтірден кейінгі барлық сандар есепке алынады:

  • 43,11 = 43 
  • 43,31 = 43
  • 43,52 = 44
  • 43,81 = 44

Мысал: журналда 64,5-ке тең ТЖБ мен БЖБ математикалық дөңгелектеуде үтірден кейінгі сандар есепке алынғандықтан 65-ке тең болады.

Ескерту: журналда үтірден кейін тек 1 сан ғана көрінеді.

Тоқсандық бағаны есептеудің жалпы формуласы:

mceclip2.png

 

2017 (2016-2017) жылға дейінгі мектеп жылдарына арналған жылдық бағалауды есептеудің жалпы формуласы:

mceclip3.png

 

2017 (2017-2018) жылдан кейінгі мектеп жылдарына арналған жылдық бағалауды есептеудің жалпы формуласы:

mceclip4.png

 

мұндағы n - есептік кезеңдердің саны. 

Оқушылардың жиынтық бағалау нәтижелері балл түрінде электрондық журналға қойылады және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес баллдарды ауыстыру шкаласы бойынша тоқсандық және жылдық бағаға ауыстырылады. 

Жиынтық бағалау (1 сынып)

mceclip6.png

 

Жиынтық бағалау (2-11 сынып)

mceclip7.png

 

Оқушының күнделігінде сөздік белгілер мен БЖБ және ТЖБ көрсеткіштері төмендегідей көрсетіледі.

mceclip8.png

 

Бөлім / өтпелі тақырыптар бойынша баллдар қою

Жиынтық бағалаудың әр рәсімінің нәтижелері бойынша білім алушы бөлімдер / өтпелі тақырыптар бойынша ең жоғары және тиісті білім деңгейлерінен жиналған ұпай саны түрінде нәтиже алады.

Төменде 1-ші сынып оқушысының «Математика» пәнінен бөлімдер бойынша 3-ші тоқсанның қорытынды жиынтық бағалаудың нәтижелерінің мысалы келтірілген.

1-ші сыныпта 3 тоқсан үшін «Математика» пәнінен оқушының бөлім бойынша жиынтық бағалау нәтижелері.


Тоқсандық бағаларды қою

1 сыныпта, бірінші жартыжылдықта, жиынтық бағалау жүргізілмейді. Тоқсандық баға 3-ші және 4-ші тоқсанда ғана қойылады. Тоқсандық бағалар - бөлімдер / өтпелі тақырыптар бойынша (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) нәтижелері қосындысынан тұрады.

2-4 сыныптарда тоқсандық бағалар - бөлімдер / өтпелі тақырыптар мен тоқсан үшін жиынтық бағалау нәтижелерінің қосындысынан тұрады. Тоқсанды бағалау үшін бөлім / өтпелі тақырыбы мен тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың нәтижелері келесі пайыздық қатынаста қолданылады:

- тоқсандағы бағалаудың 50% -ы бөлімдер / өтпелі тақырыптар бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) нәтижелері бойынша қалыптастырылады;

 - тоқсандағы бағалаудың 50% -ы тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) нәтижелері бойынша қалыптастырылады.


Төменде «Математика» пәнінен 1 сыныптағы оқушының 3-ші  тоқсан бойынша тоқсандық бағасын есептеу мысалы келтірілген.

1-ші сыныпта 3 тоқсан үшін «Математика» пәнінен оқушының бөлім және тоөқсан бойынша жиынтық бағалау нәтижелері.

mceclip11.png

Тоқсандық баллды есептеу кезінде бөлімдер мен тоқсан бойынша жиынтық бағалау бойынша алынған жалпы баллдардың пайызы қосылады.

33,8% + 37,5% = 71,3%

Оқушының тоқсандық бағасы баллдарды бағаларға ауыстыру шкаласы бойынша анықталады.


Оқушының 3-ші тоқсан бойынша «Математика» пәнінен тоқсандағы бағасы - «4».Осы шкала бойынша 71,3% - «4» бағасына сәйкес келеді.

 

Жылдық бағаны қою

Оқушының пән бойынша жылдық бағасы барлық төрт тоқсанның нәтижелері бойынша қалыптастырылады (1-сыныпта 3-4 тоқсан үшін).

Төменде «Математика» пәнінен 2-ші сынып оқушысының жылдық бағасын есептеу мысалы келтірілген.

2-сыныптағы оқушының «Математика» пәні бойынша 1-4 тоқсанындағы нәтижелері.



mceclip10.png

Жылдық бағаны есептеу үшін оқушылардың бөлім / өтпелі  тақырыптар және тоқсан үшін жиынтық бағалау бойынша жиынтық бағалары қосылады. Әрі қарай оқу жылындағы баллдардың пайыздық қатынасы  (50%: 50%) пайыздық қатынаспен анықталады.

Оқу жылындағы бөлімдер / өтпелі тақырыптар мен тоқсан бойынша жиынтық бағалау бойынша баллдар пайыздық балға қосылады және баллдарды бағаларға айналдыру шкаласы көмегімен бағаға ауыстырылады.

37,6% + 42,5% = 80,1%


80,1%,
баллдарды балға айналдыру шкаласы бойынша «4» бағасын құрайды. 

2-сыныптағы оқушының «Математика» пәні бойынша жылдық бағасы - «4».

Комментарии