Есеп «ЭЖК жүргізу статистикасы: Сыныптар»

Бұл есеп түрі - қызметкерге сынып бойынша классикалық немесе жиынтық журналдың толтырылуын төменде көрсетілген параметрлер бойынша қадағалап, тексеріп отыруға мүмкіндік береді:

  • журналдың соңғы рет өзгертілген күні;
  • журналдағы соңғы өзгертудің авторы;
  • тақырыптарды толтыру %;
  • Ү/Т бар сабақтардың %;
  • журналды жүргізу;
  • жоспарлауды жүргізу %;
  • журналды уақытылы жүргізу %;
  • қорытындыларды қою %;
  • қойылған БЖБ баллдары;
  • қойылған ТЖБ баллдары;

Есепті көру: ББҰ барлық қызметкерлеріне.

Есепті құру үшін оқу жылын, сынып және уақыт аралығын таңдауға болады.

Аналитикалық параметрлерді есептеу үшін төмендегі формулалар қолданылады:

  • тақырыптарды толтыру % = (толтырылған тақырыптар саны) * 100% / жалпы сабақтардың саны.
  • Ү/Т бар сабақтардың % = 100 * (ҮТ берілген сабақтардың саны) / (сабақ кестесіндегі таңдалған уақыт аралығындағы сабақтар саны )
  • жоспарлауды жүргізу % = 100 * (ең кемінде бір ҮТ берілген сабақтардың саны немесе сабақ тақырыбы толтырылған сабақтар саны) / (таңдалған уақыт аралығындағы сабақтар саны).
  • Журналды жүргізу % = 100 * (таңдалған кезеңдегі ең кемінде бір баға, сабақтан қалу туралы белгі, сабаққа берілген түсінік, сабақ өткізілгені туралы қанат белгісі қойылған сабақтар саны) / (таңдалған уақыт аралығындағы сабақ кестесіндегі сабақтар саны).
  • Қорытындыларды қою % = 100 * (қорытынды бағалары қойылған оқушылар саны) / (жалпы оқушылар саны).

Ескерту: критериалды бағалау жүйесі үшін ТЖБ және БЖБ қорытынды нәтижелері ескеріледі; қорытынды бағалары «Сынақ» түрінде қойылатын пәндерде – «Сынақтан өтті» және «Сынақтан өтпеді» белгілері.

  • «ТЖБ-ға қойылған баллдар» бағанының формуласы – деректер «нақты мән» / «максималды мән» форматында көрсетіледі, бұл жерде:

Максималды мән – есептік кезеңнің соңына дейін немесе есеп құрылған уақытта мүшелікте бар оқушылар саны (егер есеп есептік кезең аяқталғанға дейінгі уақытқа құрылса).

Нақты мән – есептік кезең журналында қойылған ТЖБ саны.

  • «БЖБ-ға қойылған баллдар» бағанының формуласы - деректер «нақты мән» / «максималды мән» форматында көрсетіледі (есептік кезеңдегі БЖБ қорытылады), бұл жерде:

Максималды мән – максималды мәні қойылған БЖБ саны * есептік кезеңде сыныптың мүшелігінде болған оқушылар саны.

Ескерту: БЖБ максималды мәндері қойылмаған жағдайда, БЖБ саны 1-еу деп есептелінеді.

Нақты мән – есептік кезең журналында қойылған БЖБ саны.

«ТЖБ-ға қойылған баллдар» және «БЖБ-ға қойылған баллдар» бағандарында параметрлерінде қорытынды аттестациялау түрі «Сынақ» деп көрсетілген пәндер есепке алынбайды.

Ескерту: қорытынды бағалау түрінде «Сынақ» белгісі қолданылатын болса, «БЖБ n», «ТЖБ n» және «Формативті бағалар саны» жолдарында «сызықша» белгісі көрсетіледі.

  • Журналды уақытылы жүргізу % = 100 * (кезең бойынша уақытылы қойылған бағалар, сабақтан қалу белгісі, сабақтағы жұмыс үшін берілген түсінік саны / жалпы қойылған бағалар, сабақтан қалу белгісі, сабақтағы жұмыс үшін берілген түсінік саны);

Ескерту: тәртіпке баға қойылмайтындықтан, түсінік енгізу үшін «ТӘР» (тәртіп) жұмыс түрін таңдауға болады.

Ескерту: «Журналды уақытылы жүргізу» көрсеткішіне тек сабақ өткізілген күні 21:00 дейін (екі ауысыммен оқитын мектептер үшін – келесі күннің 12:00 дейін) төменде көрсетілген жұмыс түрлерінен қойылған бағалар ғана әсер етеді:

  • сабақта жауап беру;
  • сабақтағы тәртібі;
  • сабақтағы жұмыс;
  • жатқа;

Егер таңдалған кезеңде айтылған жұмыс түрлері болмаса,  «Журналдың уақытылы жүргізуі» көрсеткіші есеп құруға деректер жеткіліксіз болғандықтан «сызықша» белгісін көрсетеді.

 Ү/Т бар сабақтардың % көрсеткіші ҮТ орындау уақыты және авторы бойынша есептелінеді.

Мысалы: егер ҮТ 18 қараша күні берілген болса, ал ҮТ орындау уақыты – 20 қараша (келесі сабақ болатын күн), 09.11 – 18.11 уақыт аралығына есеп құрған жағдайда «Ү/Т бар сабақтардың %» бағанасында  0% көрсетеді. Егер есеп 09.11 – 20.11 уақыт аралығына құрылса, «Ү/Т бар сабақтардың %» үй тапсырмасы бар сабақтардың дұрыс % көрсетеді, яғни берілген ҮТ есепке алынады. Егер пән мұғалімі басқа және ҮТ берген мұғалім (мысалы, жүйедегі әкімші) басқа болса, «Ү/Т бар сабақтардың %» бағанасында  0% көрсетеді.

Тек толтырылған журналдардың есебін құру үшін, «Тек толтырылғандар» фильтрін таңдау керек. Толтырылмаған журналдардың есебін құру үшін «Тек толтырылмағандар» фильтрін таңдау керек. Әдепкі бойынша «Барлығы» таңдалынып тұрады.

Ескерту: есептік кезеңдегі алғашқы сабаққа үй тапсырмасы берілмейтіндіктен, есептік кезеңдегі бірінші сабақ есепке кірмейді.

Комментарии