Есеп «ЭЖК жүргізу статистикасы: Сынып жетекшісіне»

Бұл есеп түрі мұғалімге өз сыныбының классикалық немесе жиынтық журналын қадағалап, толтырылуын тексеріп отыруға мүмкіндік береді. 

Есепті көру: сынып жетекшісіне – өз сыныптары ғана бойынша; әкімші және ҮТ мен бағаларға рұқсаты бар редактор – барлық сыныптар бойынша ақпарат.

Осы есепті құру нәтижесінде, келесі деректерді көруге болады:

  • әр баға түрінің саны (ББҰ орнатылған бағалау түріне сәйкес);
  • журналдың соңғы рет өзгертілген күні;
  • журналдағы соңғы өзгертудің авторы;
  • белгілері бар сабақтардың % (қойылған бағалардың %);
  • оқушылардың сабақтан қалу % (сабақтан қалудың %);

Жиынтық бағалау журналдарында, қосымша келесі деректер бар:

  • БЖБ n (n – бұл 1-ден 4-ке дейінгі реттік нөмір);
  • ТЖБ;
  • Формативті бағалар саны;

Есепті құру үшін оқу жылын, сынып және кезеңді таңдау қажет.

Аналитикалық параметрлерді есептеу үшін төмендегі формулалар қолданылады:

  • «Қойылған бағалардың %» бағанасының формуласы = (қойылған бағалар саны / сабақта өткізілген барлық жұмыс түрлерінің саны) * 100%. Бөлшек белгісі арқылы қойылған қос баға бір баға ретінде саналады.
  • «Қойылған бағалардың %» бағанасының формуласы жиынтық журналдар үшін = (сабаққа берілген түсініктер саны / (есептік кезеңде болған барлық сабақтар саны * әр сабақтағы оқушылар саны)) * 100%.
  • «Сабақтан қалудың %» бағанасының формуласы = («ж» + «д» + «а» белгілерінің саны / барлық өткізілген сабақтар саны) * 100%.

Барлық пәндер бойынша, толтырылмаған пәндердің де журналын қосып есеп құру үшін «Барлығын көрсету» жолында «Иә» деп таңдау керек.

Журнал толтырылған болып саналу үшін ең кемінде бір баға немесе сабақтан қалу туралы белгі қойылуы керек.

Ескерту: параметрлерінде жиынтық бағалау журналы таңдалған сыныптарда әр баға түрінің (ББҰ орнатылған бағалау түріне сәйкес) саны көрсетілмейді.

  • «БЖБ n» бағанының формуласы = журналға қойылған БЖБ баллдарының қосындысы.
  • «ТЖБ» бағанының формуласы = журналға қойылған ТЖБ баллдарының қосындысы.

Ескерту: «ТЖБ» және «БЖБ» бағаналарының деректері «нақты мән» / «максималды мән» деген форматта шығарылады.

Нақты мән – журналға нақты қойылған ТЖБ баллдарының қосындысы (әр БЖБ үшін).

Максималды мән – ТЖБ максималды баллының есептік кезеңде оқыған барлық оқушылар (есептік кезеңде мүшелікте болған) санына көбейтіндісі.  

 Егер журналда БЖБ немесе ТЖБ максималды баллы көрсетілмесе, есеп «-/-» мәнін көрсетеді.

  • «Формативтік бағалар саны» бағанының формуласы = кезең бойынша формативті бағалардың (сабаққа берілген түсінік) саны.

1 формативті баға = бір оқушыға бір сабаққа берілген түсінік.

Ескерту: егер қорытынды баға ретінде «Сынақтан өтті» белгісі қойылатын болса, «БЖБ», «ТЖБ» және «Формативті бағалар саны» жолдарында «сызықша» белгісі пайда болады.

Комментарии