«Үлгерім: Мектеп» есебі

Есептік кезеңдегі барлық пәндерден қорытынды бағалар қойылғаннан кейін, «Үлгерім: Мектеп» есебі автоматты түрде толтырылады. Сыныпта бір сабақ қорытылмай қалса да, сыныптың есебінің жолында сызықшалар пайда болады.

Есептің көрінуі: ББМ барлық қызметкерлеріне.

Ескерту: әдепкі бойынша есептің фильтрінде ағымдағы оқу жылы және «Толық жыл» есептік кезеңі таңдалынып тұрады. Егер оқу жылы әлі аяқталмаған және жылдық қорытынды бағалар қойылмаған болса, аяқталған есептік кезеңді таңдаған дұрыс.

Есепті құру барысында, журнал түрін: классикалық, критериалдық, кез-келген таңдау мүмкіндігі бар.

Ескерту: фильтр - білім беру мекемесінде бірнеше журнал түрі болған жағдайда ғана шығады.

 

 

Есеп фильтр параметрлерін таңдап, «Есепті құру» батырмасын басқаннан кейін құрылады.

 Сынып атауындағы сілтеме сол сыныптың таңдалған оқу кезеңінің «Үлгерім: Мектеп» есебіне әкеледі. Есептен оқушылардың аттестациялануын және мектептің есебімен сәйкестігін тексеруге болады.

«Оқу тілі» қойындысында ақпарат - сынып параметрлерінен түседі.

 

_________2019-01-09_16_02_40.png

 

Ескерту: есепте сыныптағы барлық оқушылардың барлық бағалары қолданылады.

Ескерту: баптауларында  «Есептерде көрінуі - Аттестацияланусыз» параметрі таңдалған пәндер, есепке қосылмайды.

 Жиынтық бағалау жүйесінде оқитын сыныптың есептік кезеңдерінде «тоқсандар» таңдалып, ал пән баптауларында  «Қорытынды аттестациялау – сынақ (жарты жылдық)» параметрі таңдалған болса, 1 және 3 тоқсан қорытынды бағалары қарастырылмайды.

 

 

Үлгерімнің аналитикалық параметрлерін есептеу үшін есепте келесі формулалар қолданылады:

 

Сыныптың орташа баллы 

бұл жерде:

  • n1 - «1» бағасының саны;
  • n2 – «2» бағасының саны;
  • n3 - «3» бағасының саны;
  • n4 – «4» бағасының саны;
  • n5 - «5» бағасының саны;
  • n6 – «А/Ө» бағасының саны.

 

Сыныптың жалпы білім сапасының %

 

 

 

бұл жерде оқушыларды бағалаудың келесі шарттары орындалу керек (5 – баллдық жүйеде):

  • үздік оқушы – тек «5» бағаға оқитын, «4», «3», «2», «1» «А/Ө» бағалары жоқ оқушы;
  • екпінді – тек «5» және «4» бағаларына оқитын, «3», «2», «1» «А/Ө» бағалары жоқ оқушы.

 

Жалпы ОБД % (оқушылардың білім алу деңгейі)

 

 

бұл жерде n – ОБД % (оқушылардың білім алу деңгейі) есептелген пәндер саны.

Комментарии