«Үлгерім: Мектеп» есебі

Есептік кезеңдегі барлық пәндерден қорытынды бағалар қойылғаннан кейін, «Үлгерім: Мектеп» есебі автоматты түрде толтырылады.

Егер сыныпта кемінде бір қорытынды баға қойылмаса, онда есептің тиісті жолы сызықшалармен толтырылады.

Ескерту: әдепкі бойынша есептің сүзгісінде ағымдағы оқу жылы және «Толық жыл» есептік кезеңі таңдалынып тұрады. Егер оқу жылы әлі аяқталмаған және жылдық қорытынды бағалар қойылмаған болса, аяқталған есептік кезеңді таңдаған дұрыс.

Есепті құрастыру үшін келесі деректерді көрсету қажет:

  • оқу жылы;
  • есептік кезең;
  • журнал түрі:
    • кез келген;
    • классикалық;
    • критериалдық;
  • есептен шығару қажет параллель (қажет болған жағдайда).

Содан кейін «Қолдану» батырмасына басу қажет.

Ескерту: «Журнал түрі» сүзгісі оқу жылындағы білім беру ұйымында бір уақытта бірнеше журнал түрі болған жағдайда шығарылады.

Есеп мынадай ақпаратты қамтитын кесте түрінде қалыптастырылады:

  • сыныптың атауы;
  • оқу тілі;
  • сынып оқушыларының жалпы саны;
  • үздік оқушылардың саны;
    • сыныптағы оқушылардың жалпы санына үздіктердің арақатынасы;
    • үздік оқушылардың аты-жөні;
  • үлгерімі жақсы оқушылардың саны;
    • сыныптағы оқушылардың жалпы санына үлгерімі жақсы оқушылардың арақатынасы;
  • үлгерімі орташа оқушылардың саны;
    • сыныптағы оқушылардың жалпы санына үлгерімі орташа оқушылардың арақатынасы;
  • үлгерімі төмен оқушылардың саны;
    • сыныптағы оқушылардың жалпы санына үлгерімі төмен оқушылардың арақатынасы;
    • үлгерімі төмен оқушылардың аты-жөні;
  • сыныптың орташа балы;
  • сынып білім сапасының жалпы %;
  •  ООЖ (оқушылардың білім алу деңгейі) жалпы %.

Сынып атауындағы сілтеме сол сыныптың таңдалған оқу кезеңінің «Үлгерім: Мектеп» есебіне әкеледі. Есептен оқушылардың аттестациялануын және мектептің есебімен сәйкестігін тексеруге болады.

 «Оқу тілі» қойындысындағы ақпарат - сынып параметрлерінен түседі.

 

 

Есеп кестесінде сондай-ақ есептеледі:

  • ұйымдағы оқушылардың жалпы саны;
  • ұйымдағы үлгерімі жақсы, орташа, төмен және үздік оқитын оқушылар саны;
  • ұйымдағы оқушылардың жалпы санына үлгерімі жақсы, орташа, төмен және үздік оқитын оқушылардың арақатынасы;
  • параллель бойынша оқушылардың жалпы саны;
  • параллель бойынша үлгерімі жақсы, орташа, төмен және үздік оқитын оқушылар саны;
  • параллель бойынша үлгерімі жақсы, орташа, төмен және үздік оқитын оқушылардың арақатынасы;
  • оқыту сатылары бойынша оқушылардың жалпы саны;
  • оқыту сатылары бойынша үлгерімі жақсы, орташа, төмен және үздік оқитын оқушылар саны;
  • оқыту сатылары бойынша үлгерімі жақсы, орташа, төмен және үздік оқитын оқушылардың арақатынасы;
  • параллель бойынша орташа балл;
  • параллель бойынша білім сапасының жалпы %;
  • параллель бойынша ОБД (оқушылардың білім алу деңгейі) жалпы %;
  • ұйымдағы орташа балл;
  • ұйымдағы білім сапасының жалпы %;
  • ұйымдағы ООЖ (оқушылардың білім алу деңгейі) жалпы %;

mceclip2.png Пәннің параметрлерінде «Есептердегі көріну деңгейі - Куәландырусыз» таңдалған пәндер, есепке қосылмайды. 

 

 

Егер сыныпта келесі параметрлер сақталса, 1 және 3 тоқсанның қорытынды белгілері есепке алынбайды:

  • критериалды бағалау журналы таңдалған;
  • есептік кезең - тоқсан түрі орнатылған;
  • пәннің параметрлерінде «Қорытынды аттестациялау - Сынақ (жарты жыл)» орнатылған; 

 

  • пән бойынша журнал параметрлерінде №509 Бұйрыққа сәйкес келетін мән белгіленген.

 

 

Үлгерімнің аналитикалық параметрлерін есептеу үшін есепте келесі формулалар қолданылады:

  • Орта балл = (бағалар саны «1»*1 + бағалар саны «2»*2 + бағалар саны «3»*3 + бағалар саны «4»*4 + бағалар саны «5»*5) / (бағалар саны «1» + бағалар саны «2» + бағалар саны «3» + бағалар саны «4» + бағалар саны «5»).

Сыныптың орташа балын есептеу кезінде осы сыныптың барлық оқушылардың барлық пәндер бойынша барлық бағалар қолданылады.

Параллельдің орташа балын есептеу кезінде осы параллельдің барлық сыныптарында барлық пәндер бойынша барлық бағалар қолданылады.

Оқытудың белгілі бір сатысының орташа балын есептеу кезінде оқытудың осы сатысындағы барлық оқушылардың барлық пәндер бойынша барлық бағалар қолданылады.

Ұйымның орташа балын есептеу кезінде осы ұйымның барлық оқушылардың барлық пәндер бойынша барлық бағалар қолданылады.

  • Білім сапасының жалпы % = ((үздік оқушылар саны + үлгерімі жақсы оқушылар саны) * 100%) / (жалпы оқушылар саны - «БОС» белгісі бар оқушылар саны), 

    мұнда
    • үздік – барлық пәндер бойынша барлық қорытынды бағалар «5-ке» ие оқушы;
    • жақсы – барлық пәндер бойынша барлық қорытынды бағалары «4» немесе ең болмағанда бір қорытынды бағасы «4» бар оқушы.

ООЖ (оқушылардың білім алу деңгейі) жалпы % = (% ООЖ пән бойынша 1 + % ООЖ пән бойынша 2 + % ООЖ пән бойынша 3 ... + % ООЖ пән бойынша N), мұнда N – бұл сыныптың оқушыларына берілетін пәндердің жалпы саны.

Пән бойынша ООЖ (оқушылардың білім алу деңгейі) жалпы = 

  • мұнда:
    • n2 – «1», «2», «ЕСЖ» пән бойынша қорытынды бағалар саны;
    • n3 - «3» пән бойынша қорытынды бағалар саны;
    • n4 – «4», «ЕСЖ» пән бойынша қорытынды бағалар саны;
    • n5 - «5» пән бойынша қорытынды бағалар саны;
    • n6 – «А/Ө» ән бойынша қорытынды бағалар саны.

 Есептің көрінуі: ББМ барлық қызметкерлеріне.

 

Комментарии