«Оқушылардың ауысуы: Келгендер» есебі

«Оқушылардың ауысуы: Келгендер» есеп түрінде, білім беру мекемесіне (ары қарай - ББМ) жаңадан келген немесе басқа сыныптан көрсетілген уақыт аралығында ауысып келген оқушылар тізімі көрсетілген.

Есепті құрастыру үшін келесі деректерді көрсету қажет:

  • оқу жылы;
  • уақыт аралығы;
  • келу себебі (қажет болған жағдайда). Келу себебі бойынша көрсету нәтижелерін сүзу мүмкіндігі бар:
    • бір білім беру ұйымы шеңберінде басқа сыныптан ауыстырылған;
    • білім беру ұйымына қабылданғандар.

Содан кейін «Қолдану» батырмасына басу қажет.

Есеп мынадай ақпаратты қамтитын кесте түрінде қалыптастырылады:

  • оқушының аты-жөні;
  • сынып атауы;
  • келу күні;
  • келу себебі; 
  • келу орны (білім алушы қайда келді);
  • бұйрық күні;
  • бұйрық нөмірі.

Есептің көрінуі: мектеп әкімшісі, «Адамдар» бөлімінде өзгерістер жасай алатын редактор, директор және оның орынбасары.

 

 

Ескерту: «Күні» және «Тегі, аты, әкесінің аты» сілтемелері білім алушыларды аты-жөні немесе келу күні бойынша сүзуге көмектеседі.

 

Әліпби кітабын басып шығару

«Әліпби кітабын басып шығару» батырмасын басқанда, таңдалған оқу жылы бойынша оқушылардың әліпби кітабындағы жазуларын басып шығаруы іске қосылады.

Сол жақ бұрылу: 

 

Аты-жөні, туылған күні және жынысы - «Жеке деректер» қойындысында толтырылады. Келу туралы ақпарат оқушы ББМ-не қосылған кезде толтырылады.

Оң жақ бұрылыс:

 

 

Оқушының мекен-жайын «Жеке деректер» қойындысында «Нақты тұратын мекен-жайы» бағанында енгізуге болады. Шығу туралы ақпарат оқушы мектептен шығарылғанда толтырылады.

Ескерту: «Ана тілі» және «Жеке ісі туралы талондар» бағандарын, әліпби кітабын басып шығарғаннан кейін, қолмен толтыруға болады.

Комментарии