«Өзгертулер тарихы: Журнал» есебі

«Өзгертулер тарихы: Журнал» есебінде таңдалған сыныптың жиынтық және классикалық журналында белгілі оқу кезеңінде жасалынған барлық әрекеттер жазылады.

Классикалық журналдың есебіне - белгінің (қатысу белгісі, баға және түсініктер) қойылуы, өзгертілуі және жойылуы туралы ақпарат, өзгерту енгізген пайдаланушының аты-жөні, өзгерту уақыты және күні көрсетіліп, енгізіледі.

Ескерту: қорытынды жиынтық баға туралы ақпарат есепке кірмейді, себебі бұл баға журналға қолмен емес автоматты түрде қойылады.

Есепті құрастыру үшін келесі деректерді көрсету қажет: 

  • оқу жылы;
  • сынып;
  • пән;
  • есептік кезең;
  • сабақтар өткізілген уақыт аралығы.

 Есеп хронологиялық ретте құрылады, журналдағы соңғы өзгерістен басталып, өзгерістер енгізілген күндер бойынша реттеліп көрсетіледі.

Есептің бетінде тек 20 жазба ғана көрсетіледі. Басқа жазбаларды көру үшін есеп бетінің төменгі бөлігінде нөмірлерді қолдану керек.

Есеп мынадай ақпаратты қамтитын кесте түрінде қалыптастырылады:

  • өзгерту уақыты;
  • өзгерістер авторының аты-жөні;
  • ақпаратты өзгерткен сабақтың нөмірі мен күні;
  • жүргізілген әрекет:
    • белгіні қосу;
    • белгіні өзгерту;
    • белгіні жою;
  • белгінің түрі: қатысу туралы белгі немесе баға;
  • сабақ үшін жұмыс түрі;
  • ескі мәні;
  • жаңа мәні;
  • өзгерістер жүргізілген оқушының аты-жөні.

Есеп анық болу үшін есептің әрбір жолы түрлі түске боялған:

  • жасыл – баға туралы ақпарат қосылды;
  • сары – ақпарат өзгертілді;
  • қызыл – ақпарат жойылды.

 

Есептің көрінуі: ББМ әкімшісіне, сынып жетекшісіне – тек өз сыныбы бойынша, пән бойынша мұғалімге – тек өз сыныптары мен пәндері бойынша. 

Комментарии