Есеп «Өзгертулер тарихы: Журнал»

«Өзгертулер тарихы: Журнал» есебінде таңдалған сыныптың жиынтық және классикалық журналында белгілі оқу кезеңінде жасалынған барлық әрекеттер жазылады.

Есептің көрінуі: ББМ әкімшісіне, сынып жетекшісіне – тек өз сыныбы бойынша, пән бойынша мұғалімге – тек өз сыныптары мен пәндері бойынша.

Классикалық журналдың есебіне - белгінің (қатысу белгісі, баға және түсініктер) қойылуы, өзгертілуі және жойылуы туралы ақпарат, өзгерту енгізген пайдаланушының аты-жөні, өзгерту уақыты және күні көрсетіліп, енгізіледі.

Жиынтық бағалау журналынынан есепте қосымша БЖБ қойылуы және БЖБ максималды балл, ТЖБ қойылуы және ТЖБ максималды балл, сабақтан қалу белгілері және сынақ белгісі қойылғандығы туралы ақпарат көрсетіледі.

Ескерту: қорытынды жиынтық баға туралы ақпарат есепке кірмейді, себебі бұл баға журналға қолмен емес автоматты түрде қойылады.

Есепті құру үшін оқу жылын, сынып және пәнді таңдау керек. Сондай-ақ, сабақ өткізілген оқу кезеңін таңдау мүмкіндігі бар.

 Есеп хронологиялық ретте құрылады, журналдағы соңғы өзгерістен басталып, өзгерістер енгізілген  күндер бойынша реттеліп көрсетіледі.

Есептің бетінде тек 20 жазба ғана көрсетіледі. Басқа жазбаларды көру үшін есеп бетінің төменгі бөлігінде нөмірлерді қолдану керек.

Есеп анық болу үшін есептің әрбір жолы түрлі түске боялған:

  • жасыл – баға туралы ақпарат қосылды;
  • сары – ақпарат өзгертілді;
  • қызыл – ақпарат жойылды.

Комментарии