«Үлгерімі: Пән бойынша мұғалімге» есебі

«Үлгерімі: Пән бойынша мұғалімге» көрсеткіші -  есептік кезеңде оқушыларға қорытынды баға қою барысында автоматты түрде толтырылады. Қорытынды бағалар әлі қойылмаған жағдайда, деректер «Баға жоқ» бағанына жазылады. 

Есепті құрастыру үшін келесі деректерді көрсету қажет:

  • оқу жылы;
  • пән;
  • мұғалімнің аты-жөні; 
  • есептік кезең. 

Содан кейін «Қолдану» батырмасына басу қажет.

Ескерту: пәнді таңдағаннан кейін ашылмалы тізімде осы пән бойынша кестеде белгіленген мұғалімдер ғана бейнеленеді.

Есеп мынадай ақпаратты қамтитын кесте түрінде қалыптастырылады:

  • сыныптың атауы;
  • есептік кезең;
  • сынып оқушыларының жалпы саны;
  • пән бойынша үздіктердің саны;
  • пән бойынша жақсы оқитын оқушылардың саны;
  • пән бойынша үлгеретіндер саны;
  • пән бойынша үлгермегендер саны;
  • пән бойынша «А/Ө» белгісі бар оқушылардың саны;;
  • пән бойынша «БОС» белгісі бар оқушылардың саны;
  • пән бойынша «ЕСП» белгісі бар оқушылардың саны;
  • пән бойынша «ЕСЖ» белгісі бар оқушылардың саны;
  • кпән бойынша бағасы жоқ оқушылардың саны;
  • пән бойынша сыныптың орташа балы;
  • пән бойынша сынып үлгерімінің % ;
  • пән бойынша сынып білімінің сапасы % ;
  • пән бойынша жалпы % ОБД (оқушылардың білім алу дәрежесі).

Ескерту: жиынтық бағалау журналдарында қорытынды бағалар, БЖБ және ТЖБ бағаларына сүйене отырып автоматты түрде қойылады.

Бұл есепте «ЕСП» және «ЕСЖ» белгілері қарастырылмайды. «ЕСП» және «ЕСЖ» белгілері қойылған оқушылар «Баға жоқ» бағанында шықпайды, яғни оқушылардың бағалары қойылған болып саналады.

Ескерту:  егер мұғалім тек сыныптағы бір топқа ғана сабақ берсе, есепте тек өз тобының деректері ғана болады.

 

Есепті құрғанда келесі аналитикалық параметрлер көрсетіледі:

 

Сыныптың орташа баллы

бұл жерде:

  • n1 - «1» бағасының саны;
  • n2 – «2» бағасының саны;
  • n3 - «3» бағасының саны;
  • n4 – «4» бағасының саны;
  • n5 - «5» бағасының саны;
  • n6 – «А/Ө» бағасының саны.

 

Жалпы үлгерім бойынша көрсеткіштің %

 

 

бұл жерде, «БОС» - аттестацияланудан босатылған оқушылар.

 

Пән бойынша білім сапасының жалпы пайызы

 

 

бұл жерде n –білім сапасының % есептелген жалпы пәндер саны.

 

 

 

бұл жерде n4 – «4» бағасының саны, n5 - «5» бағасының саны.

 

Жалпы ОБД % (оқушылардың білім алу дәрежесі)

 

 

бұл жерде n – ОБД (оқушылардың білім алу дәрежесі) бойынша есептелген пәндер саны.

Есептің көрінуі: әкімшілер, «ҮТ және бағалар» бөліміне қолжетімділігі бар редактор, пән мұғалімі – тек «өз» сыныптарында және «өз» пәндері бойынша.

Комментарии