«Үлгерімі: Оқушылар» есебі

Есеп «Үлгерім: Оқушылар» журналға енгізілген ақпарат негізінде, автоматты түрде толтырылады.

Есептің көрінуі: ББМ барлық қызметкерлеріне.

Бұл белгілі бір оқу кезеңіндегі немесе есептік кезеңдегі оқушының үлгерім және қатысу табелін көрсететін есеп түрі.

Мысалы, бір айдың үлгерім есебін қалыптастырып, басып шығаруға болады.

 

 

Жиынтық бағалау журналдарында БЖБ және ТЖБ туралы ақпарат «n/m» форматында көрсетіледі, бұл жерде n – нақты мән, m – БЖБ/ТЖБ үшін максималды мән.

Ақпарат келесі реттілікпен көрсетіледі: «БЖБ 1», «БЖБ 2», «БЖБ 3», «БЖБ 4»,  «ТЖБ».

Тінтуірді бағалауға жақындатқан уақытта БЖБ («1-БЖБ», «2-БЖБ») немесе ТЖБ («1-ТЖБ», «4-ТЖБ») атаулары шығады.

 

«Басып шығару» батырмасына басып, екі түрлі есеп қалыптастыруға болады:

  • «семестр», «тоқсан», «триместр», «модуль» есептік кезеңдерін таңдағанда – экранда көрсетілген есептің баспа түрі қалыптасады;
  • «Барлық кезеңдер бойынша» есептік кезеңін таңдағанда – Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігімен орнатылған үлгідегі оқушының үлгерім табелі қалыптасады.

«Барлық оқушыларды басып шығару» батырмасына басқан уақытта, есептің басып шығару нұсқасымен, барлық оқушылар бойынша үлгерім табелін қалыптастыруға болады.

Ескерту: 0-параллель сыныптарындағы оқушылардың есебі қалыптаспайды.

Ескерту: барлық оқушылар үшін үлгерім табельдерінің тізімін қалыптастыру кезінде бірінші парақпен сынып бойынша толтырылған ведомость (беттерді нөмірлемей) қалыптастырылады.

  • Оқу жылы таңдалып, сынып белгіленбесе мектептегі барлық (0 параллельден басқа) оқушылардың табелін тіркеу кітабі таңдалған оқу жылына сәйкес қалыптастырылады.

Есепте келесі аналитикалық параметрлер қолданылады:

 

Орта балл

Бұл жерде:

  • n1 - «1» бағасының саны;
  • n2 – «2» бағасының саны;
  • n3 - «3» бағасының саны;
  • n4 – «4» бағасының саны;
  • n5 - «5» бағасының саны;
  • n6 – «А/Ө» бағасының саны.

Сандық көрсеткіштер ретінде, білім алушының пән бойынша бағалау түрі пайдаланылады.

Ескерту: тақырыптық бағалау орташа баллы (орт.тақ) орта балл сияқты есептеледі.

 

Орташа өлшенген балл

Әр жұмыс түріне қойылған бағанын салмағы ескеріледі:

Бұл жерде (егер 4 жұмыс түрі өткізілсе, және оларға журналда баға қойылған жағдайда):

  • i1 –№1 жұмыстың бағасы; k1 – №1 жұмыстың салмағы;
  • i2 –№2 жұмыстың бағасы; k2 – №2 жұмыстың салмағы;
  • i3 –№3 жұмыстың бағасы; k3 – №3 жұмыстың салмағы;
  • i4 –№4 жұмыстың бағасы; k4 – №4 жұмыстың салмағы;

Ескерту: егер барлық жұмыстың салмағы бірдей болса, орташа балл мен орта балл тең болады.

Жұмыс түрлерінің салмағын орнату үшін, «Әкімшілік ету» - «Параметрлер» блогы – «Типтік жұмыстар» бөліміне өту керек.

Ескерту:

  • «БОС», «СӨ», «СӨП» баға түрлері, «Үлгерімі: Оқушылар» есеп түрін қалыптастыру кезінде, есепке алынбайды.
  • «А/Ө» баға түрі, есеп түрін қалыптастыру кезінде, есепке алынады.
  • «Келмеген күндер(Барлығы)» бағанын есептеу = Ауыру себебінен сабаққа қатыспаған(«А») + Дәлелді себебінен сабаққа қатыспаған («Д») + Дәлелсіз себебінен сабаққа қатыспаған («Ж»).

 Үлгерім табелі

Үлгерім табелін басып шығару үшін «Үлгерімі: Оқушылар» есебін ашып, келесі параметрлерді таңдау қажет:

  • кезең;
  • сынып;
  • оқушының аты-жөні.

Есепті құрастыру және «Басып шығару» батырмасына басу. 

 

 

Титулдық беті

Білім беру ұйымы, оқушының аты-жөні, сынып және оқу жылы туралы ақпаратты қамтиды.

 

Ішкі беті

Келесі ақпаратты қамтиды:

 

Ескерту: үлгерім табелі альбомдық форматта қалыптастырылады.  

Пәндер пәндік топтардың тәртібі бойынша шығарылады, топтардағы пәндер әліпбилік ретпен орналастырылады:

  • Тіл және әдебиет;
  • Математика және информатика;
  • Адам және қоғам;
  • Жаратылыстану;
  • Өнер;
  • Дене шынықтыру;
  • Технология;
  • Басқа.

Ескерту: үлгерім табелінде «Куаландырусыз» деген белгісі жоқ күйге келтірулерде пәндер ғана қалыптасады.

«Оқу жылының қорытындысы бойынша педагогикалық кеңестің қаулысы» жолы мөрден кейін қолмен толтырылады.

 

Оқушылардың үлгерім табелін тіркеу кітабі

Білім алушылардың үлгерім табелін қалыптастыру үшін, сыныпты таңдамай, «Барлық оқушыларды басып шығару» батырмасын басу керек.

 Титулдық беті

Келесі ақпаратты қамтиды: 

Үлгерім табелдерін есепке алу кітабында мынадай деректер мөрден кейін толтырылады:

  • табельді тіркеу №;
  • Берілген күні;
  • Сынып жетекшісінің қолы. 

«Жыл басында берілгені» жолы таңдалған оқу жылының сыныптарында тіркелген балалар санының негізінде автоматты түрде толтырылады.

«Жыл қосымша берілгені» жолы әдепкі бойынша «0» мәнімен толтырылады.

Ескерту: кету туралы ақпаратты білім алушының парақшасында толтыруға болады.

 

Комментарии