Есеп «Үлгерім: Оқушылар»

Есеп «Үлгерім: Оқушылар» журналға енгізілген ақпарат негізінде, автоматты түрде толтырылады.

Есептің көрінуі: ББМ барлық қызметкерлеріне.

Бұл белгілі бір оқу кезеңіндегі немесе есептік кезеңдегі оқушының үлгерім және қатысу табелін көрсететін есеп түрі.

Мысалы, бір айдың үлгерім есебін қалыптастырып, басып шығаруға болады.

 

11.png

 

Жиынтық бағалау журналдарында БЖБ және ТЖБ туралы ақпарат «n/m» форматында көрсетіледі, бұл жерде n – нақты мән, m – БЖБ/ТЖБ үшін максималды мән.

Ақпарат келесі реттілікпен көрсетіледі: «БЖБ 1», «БЖБ 2», «БЖБ 3», «БЖБ 4»,  «ТЖБ».

Тінтуірді жақындатқанда БЖБ(«1-БЖБ», «2-БЖБ») немесе ТЖБ(«1-ТЖБ», «4-ТЖБ») атаулары шығады.

«Басып шығару» батырмасына басып, екі түрлі есеп қалыптастыруға болады:

  • «семестр», «тоқсан», «триместр», «модуль» есептік кезеңдерін таңдағанда – экранда көрсетілген есептің баспа түрі қалыптасады;
  • «Барлық кезеңдер бойынша» есептік кезеңін таңдағанда – Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігімен орнатылған үлгідегі оқушының үлгерім табелі қалыптасады.

«Барлық оқушыларды басып шығару» батырмасына басып, үш түрлі есеп қалыптастыруға болады:

  • «семестр», «тоқсан», «триместр», «модуль» есептік кезеңдерін таңдағанда – экранда көрсетілген есептің баспа түрі қалыптасады(сыныптағы барлық оқушылар үшін);
  • «Барлық кезеңдер бойынша» есептік кезеңін таңдағанда – Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігімен орнатылған үлгідегі сыныптағы барлық оқушылардың үлгерім табелі қалыптасады(әр оқушының табелі кезекпен басып шығарылады).

Ескерту: 0-параллель сыныптарындағы оқушылардың есебі қалыптаспайды.

Ескерту: табелдердің алдында бірінші бет болып, сыныптың табелін тіркеу кітабінің екінші беті басып шығарылады.

  • Оқу жылы таңдалып, сынып белгіленбесе мектептегі барлық (0 параллельден басқа) оқушылардың табелін тіркеу кітабі таңдалған оқу жылына сәйкес қалыптастырылады.

Ескерту: бұл басып шығару түрін әкімші, мектеп басшылығы және «Сабақ кестесі» бөліміне рұқсаты бар редактор қолдана алады.

Есепте келесі аналитикалық параметрлер қолданылады:

 

Орта балл

12.png

Бұл жерде:

  • n1 - «1» бағасының саны;
  • n2 – «2» бағасының саны;
  • n3 - «3» бағасының саны;
  • n4 – «4» бағасының саны;
  • n5 - «5» бағасының саны;
  • n6 – «А/Ө» бағасының саны.

Сандық көрсеткіштер ретінде, білім алушының пән бойынша бағалау түрі пайдаланылады.

Ескерту: тақырыптық бағалау орташа баллы (орт.тақ) орта балл сияқты есептеледі

 

Орташа өлшенген балл

Әр жұмыс түріне қойылған бағанын салмағы ескеріледі:

Бұл жерде (егер 4 жұмыс түрі өткізілсе, және оларға журналда баға қойылған жағдайда):

  • i1 –№1 жұмыстың бағасы; k1 – №1 жұмыстың салмағы;
  • i2 –№2 жұмыстың бағасы; k2 – №2 жұмыстың салмағы;
  • i3 –№3 жұмыстың бағасы; k3 – №3 жұмыстың салмағы;
  • i4 –№4 жұмыстың бағасы; k4 – №4 жұмыстың салмағы;

Ескерту: егер барлық жұмыстың салмағы бірдей болса, орташа балл мен орта балл тең болады.

Жұмыс түрлерінің салмағын орнату үшін, «Әкімшілік ету» - «Параметрлер» блогы – «Типтік жұмыстар» бөліміне өту керек.

Ескерту:

  • «БОС», «СӨ», «СӨП» баға түрлері, «Үлгерімі: Оқушылар» есеп түрін қалыптастыру кезінде, есепке алынбайды.
  • «А/Ө» баға түрі, есеп түрін қалыптастыру кезінде, есепке алынады.
  • «Келмеген күндер(Барлығы)» бағанын есептеуАуыру себебінен сабаққа қатыспаған(«А») + Дәлелді себебінен сабаққа қатыспаған («Д») + Дәлелсіз себебінен сабаққа қатыспаған («Ж»).

 

Оқушылардың үлгерім табелін тіркеу кітабі

Білім алушылардың үлгерім табелін қалыптастыру үшін, сыныпты таңдамай, «Барлық оқушыларды басып шығару» батырмасын басу керек.

 

13.png

 

«Табельдің тіркелген №», «Берілген күні», «Сынып жетекшісінің қолы» жолдары, үлгерім табелін тіркеу кітабін басып шығарғаннан кейін толтырылады.  Білім алушының профилінде мекемеден шығу туралы ақпаратты толтыруға болады.

Комментарии