Есеп «Үлгерім: Оқушылар» журналға енгізілген ақпарат негізінде, автоматты түрде толтырылады.
Есептің көрінуі: ББМ барлық қызметкерлеріне.
Бұл белгілі бір оқу кезеңіндегі немесе есептік кезеңдегі оқушының үлгерім және қатысу табелін көрсететін есеп түрі.
Мысалы, бір айдың үлгерім есебін қалыптастырып, басып шығаруға болады.
Жиынтық бағалау журналдарында БЖБ және ТЖБ туралы ақпарат «n/m» форматында көрсетіледі, бұл жерде n – нақты мән, m – БЖБ/ТЖБ үшін максималды мән.
Ақпарат келесі реттілікпен көрсетіледі: «БЖБ 1», «БЖБ 2», «БЖБ 3», «БЖБ 4», «ТЖБ».
Тінтуірді жақындатқанда БЖБ(«1-БЖБ», «2-БЖБ») немесе ТЖБ(«1-ТЖБ», «4-ТЖБ») атаулары шығады.
«Басып шығару» батырмасына басып, екі түрлі есеп қалыптастыруға болады:
«Барлық оқушыларды басып шығару» батырмасына басып, үш түрлі есеп қалыптастыруға болады:
Ескерту: 0-параллель сыныптарындағы оқушылардың есебі қалыптаспайды.
Ескерту: табелдердің алдында бірінші бет болып, сыныптың табелін тіркеу кітабінің екінші беті басып шығарылады.
Ескерту: бұл басып шығару түрін әкімші, мектеп басшылығы және «Сабақ кестесі» бөліміне рұқсаты бар редактор қолдана алады.
Есепте келесі аналитикалық параметрлер қолданылады:
Орта балл
Бұл жерде:
Сандық көрсеткіштер ретінде, білім алушының пән бойынша бағалау түрі пайдаланылады.
Ескерту: тақырыптық бағалау орташа баллы (орт.тақ) орта балл сияқты есептеледі.
Орташа өлшенген балл
Әр жұмыс түріне қойылған бағанын салмағы ескеріледі:
Бұл жерде (егер 4 жұмыс түрі өткізілсе, және оларға журналда баға қойылған жағдайда):
Ескерту: егер барлық жұмыстың салмағы бірдей болса, орташа балл мен орта балл тең болады.
Жұмыс түрлерінің салмағын орнату үшін, «Әкімшілік ету» - «Параметрлер» блогы – «Типтік жұмыстар» бөліміне өту керек.
Ескерту:
Оқушылардың үлгерім табелін тіркеу кітабі
Білім алушылардың үлгерім табелін қалыптастыру үшін, сыныпты таңдамай, «Барлық оқушыларды басып шығару» батырмасын басу керек.
«Табельдің тіркелген №», «Берілген күні», «Сынып жетекшісінің қолы» жолдары, үлгерім табелін тіркеу кітабін басып шығарғаннан кейін толтырылады. Білім алушының профилінде мекемеден шығу туралы ақпаратты толтыруға болады.