КТЖ: Күнтізбелік жоспарлауда тақырыптарды қалай сақтау керек?

Жоспарға керекті тақырып саны енгізілгеннен кейін, КТЖ бетіндегі ақпараттың дұрыс кұрылғанын толықтай тексеріп, парақшаның төменгі бөлігіндегі «Жариялау» батырмасын басу.

 

 

Ескерту: күнтізбелік жоспарға тақырып енгізу үшін ең алдымен қажетті сыныптың сабақ кестесін құру керек.

Егер күнтізбелік жоспарға сабақ тақырыптары енгізіліп қойылған болса, КТЖ жарияланғаннан кейін, олар өшіріліп КТЖ-да көрсетілген тақырыптарға ауыстырылады.  

 

Сабақ тақырыбын үлестіру

КТЖ жарияланғаннан кейін, тақырыптарды үлестірудің екі тәсілі:

  • автоматты (КТЖ бөлімінде сабақ тапсырмалары үлестіріледі);
  • қолмен (сабақ тақырыбын үлестіру күнтізбелік жоспарлау парақшасында қолмен жүзеге асырылады)

 

КТЖ бөлімінен үлестіру

Тақырыптарды сабақтар бойынша  үлестіру үшін жариялау расталғаннан кейін «Үлестіру» батырмасын басу керек.

 

 

 

Әрі қарай, (толық жылды немесе есептік кезеңдердің бірін) таңдап «Әрі қарай» батырмасын басу қажет.

 

 

 

Келесі кезеңде үлестірілуі тиіс тақырыптарды қанатшалармен белгілеп көрсету керек. .

Ескерту: егер тақырып санымен сабақ кестесіндегі сабақтар саны сәйкес келмесе, Жүйе ескерту шығарады, бірақ үлестіруді жалғастыруға мүмкіндік береді. Суретте екі ғана тақырып енгізілген мысал келтірілген, ал сабақ кестесінде сегіз сабақ тұр, оларға тақырыптар енгізілмейді.

  

 

Күнтізбелік жоспарлауға үй жұмысын да енгізу үшін, «ҮТ-мен үлестіру» қанатшасын басу мүмкіндігі пайда болады.

 

 

 

Жалғастыру үшін экранның төменгі  жағындағы «Әрі қарай» батырмасын басу керек.

Іс-әрекетті растау ушін «Үлестіру» батырмасын басу қажет.

Көрсетілген іс-әрекеттерден кейін күнтізбелік жоспарлауда сабақтың тақырыптары шығады.

 

 

Егер сабақтың тақырыбы ҮЖ-мен бірге үлестірілсе, ол да күнтізбелік жоспарлау бетінде пайда болады.

 

 

Тақырыптарды күнтізбелік жоспарлау парақшасынан үлестіру

Сабақ кестесін жарияланғаннан кейін, сыныптың күнтізбелік жоспарлауын ашу керек, ол үшін парақшаның жоғарғы жағындағы  көк түсті жолақтағы «Мектеп»-> «Журнал»-ды таңдау қажет.

Ескерту: бұдан кейін тақырып енгізілетін жерде ашылмалы мәзір пайда болады,  тақырыптарды қолмен енгізу мүмкіндігі болмайды

 

 

КТП-да көрсетілген күннен басқа кез-келген күнді таңдауға болады, бірақ сабақ сағатының саны сәйкес келуі керек.  Мысалы, бір тақырып үшін екі сағат көрсетілген болса, онда оны тек екі сабаққа орнатуға болады.

Ескерту: егер сабақ кестесінен сабақ жойылатын болса, ол таңдалған тақырыппен бірге күнтізбелік жоспардан жойылады. Бұл тақырыпты ашылмалы мәзір арқылы кез келген сабаққа орнатуға  болады.

Тақырып санын және атауын КТЖ-ға өзгерту енгізу арқылы ауыстыруға болады. Тақырып мазмұнын күнтізбелік жоспар бетінен өзгерту, КТЖ жарияланып қойған жағдайда мүмкін емес.

Ескерту: үй жұмысы күнтізбелік жоспарға жазылады, бірақ оқушыларға берілмейді.

Комментарии