КТЖ: Неге үлестірілген тақырыптар көрсетілмейді?

Үлестірілген тақырыптардың көрсетілмеуіне бірнеше себеп бар:

1. Білім беру ұйымының есептік кезең кестесі әлі жарияланбаған.

2. Жарияланған КТЖ-да бос тақырып жоқ. Әр құрылған тақырып сабақ кестесімен байланыстырылып қойған.

3. Құрылған КТЖ-ға мүлде тақырыптар енгізілмеген.

4. Тақырыпты таңдау барысында ББМ қызметкері қажетті тақырыптарды қанат белгісімен таңдауды ұмытқан.

 

Егер тақырып көрсетілмесе пайдаланушыға келесі іс-әрекет ұсынылады:

  • кесте торының болуын және өзектілігін тексеру;
  • КТЖ тақырыптар саны дұрыс құрылғанына көз жеткізу;
  • күнтізбелік жоспарлаудың парақшасын ашып, тақырыптар оған дейін енгізіліп қойылғаны мүмкін болуын тексеру;
  • өз іс-әрекетін мұқият, әр қадамды тексере отырып қайталау.

Комментарии