«Күнделік» жүйесінде жұмыс істеу бойынша оқытатын вебинарлар кестесі

«Күнделік» жүйесінің жұмысына қатысты 12 - 15 желтоқсан күндері аралығында мектеп әкімшілеріне вебинарлар өткізіледі.

Мақсаты: пайдаланушылардың жүйе туралы білім деңгейін арттыру, әсіресе, жақында қосылып, күндізгі семинарға қатыса алмағандарына. Сондай-ақ, Жүйемен таныс пайдаланушылардың білімін жаңартуға көмектесу.

Мақсатты аудитория: мектеп әкімшілері.

Вебинарлар кестесі:

Вебинарда Жүйені көрсету арқылы Күнделікте жұмыс істеу туралы әр күні бірдей бағдарламасы оқылады.

Вебинарға қатысу: еркін. Пайдаланушы өзіне ыңғайлы кез-келген уақытта қосыла алады.

Қосу принципі: авторизациялау вебинар басталғанға дейін 30 минут бұрын басталады. Егер қандай да бір себептермен вебинарды көру мүмкіндігі болмаса, онда мұндай вебинарлар циклі болашақта қайталанатын болады.

Құрал-жабдықтар: тыңдаушылар үшін Интернет қорына қолжетімді компьютер мен үндеткіштер қажет (құлаққап).

 

Комментарии