«Күнделік (Kundelik)» ЖШС-мен білім беру ұйымдастыруына келісім

«Күнделік» автоматтандырылған ақпараттық жүйемен (бұдан әрі - «Күнделік» ААЖ) пайдаланатын, дербес деректердің операторы ретінде, Білім беру ұйымы және «Күнделік (Kundelik)» ЖШС, жүйенің иесі ретінде, тараптардың қатынастарының тәртібін реттейтін және «Күнделік» ААЖ негізгі сервистерін өтеусіз сипатта пайдалануын бекітілетін келісімді жасасуға қажет.

Ескертпе: бүгінгі күнге келісімнің өзекті нұсқасы мақаланың тіркемесінде бекітілген.

Келісімнің №2 Қосымшасында келісімді бұзу туралы өтініштен басқа барлық өрістер толтырылады. №2 Қосымшаға қол қоя отырып, «Күнделік (Kundelik)» ЖШС мен білім беру ұйым, тараптар ретінде, келісімді бұзу барысында сол бұзу туралы нысанды бекітеді және пайдалануға міндеттенеді.

Ескертпе: №2 Қосымша келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады және қол қою барысында келісімді бұзу туралы өтініштің нысанын, оны бекіту үшін, қамтиды.

Бірінші рет келісімді толтырғанда және №2 Қосымшаға деректерді енгізгенде, «Келісімді бұзу туралы өтініш» нысанының шеңберінің ішіне деректерді енгізуге керек емес. Келісімді бұзу нысаны №2 Қосымшаға танысу мақсатында қосылды. Ол Келісімнен бөлек толтырылады және білім беру ұйым келісімді бұзуға шешімді қабылдаған жағдайда ғана «Күнделік (Kundelik)» ЖШС-не жіберіледі. №2 Қосымшаның парақшасын келісімнің қалған беттеріне қосу қажет.

Екі данада басып шығарылып, білім беру ұйымының қолы қойылған келісімді компанияның пошталық мекенжайына хатпен жіберу қажет:

Кімге: «Күнделік (Kundelik)» ЖШС
Қайда: 050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Тимирязева к-сі, 15б, 4 қабат, 9 каб.

Ескертпе: конвертте «Кімге» деген өрісіне компанияның атауын «Күнделік (Kundelik)» ЖШС деп жазу.

Комментарии