«Күнделік (Kundelik)» ЖШС-мен білім беру ұйымдарына келісім

«Күнделік» автоматтандырылған ақпараттық жүйемен (бұдан әрі - «Күнделік» ААЖ) пайдаланатын, дербес деректердің операторы ретінде, білім беру ұйымы және «Күнделік (Kundelik)» ЖШС, жүйенің иесі ретінде, тараптардың қатынастарының тәртібін реттейтін және «Күнделік» ААЖ-нің негізгі сервистерін өтеусіз сипатта пайдалануын бекітілетін келісімді жасасуға қажет.

Бүгінгі күнге «Күнделік (Kundelik)» ЖШС-мен Келісімнің өзекті нұсқасы мақаланың тіркемесінде бекітілген.

w256h2561372777059Exclamation.png Екі данада басып шығарылған және білім беру ұйымының тарапынан қол қойылған келісімді компанияның пошталық мекенжайына хатпен жіберу қажет:

Кімге: «Күнделік (Kundelik)» ЖШС
Қайда: 050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Тимирязева к-сі, 15б, 4 қабат, 9 каб.

 

Келісімді ресімдеу ерекшеліктері

1. «Күнделік (Kundelik)» ЖШС-мен Келісімді жасасу күні ағымдағы жылдың аясында жату тиіс. Келісім білім беру ұйымының Жүйеде бүкіл тіркеу кезеңіне, тіпті білім беру ұйымы «Күнделік» жүйеде келісімге қол қойылған күнінен бұрын тіркелген болса да, қолданылады.

2. Білім беру ұйымына «Күнделік (Kundelik)» ЖШС-мен Келісімді келесі жағдайларда қайтадан жасасуға керек емес (бұрын жасалған келісім жарамды және күшінде):

  • білім беру ұйымының атауы өзгергенде;
  • білім беру ұйымының басшысы ауысқанда;
  • білім беру ұйымы қайтадан құрылғанда (қосылғанда, біріктірілгенде, қайта құрылғанда).

Осы аталған жағдайларда білім беру ұйымына «Деректемелер өзгеру туралы хабарлама» хатты немесе құжатты толтырып және оны «Күнделік (Kundelik)» ЖШС-ның заңды мекенжайына жіберу қажет.

3. «Күнделік (Kundelik)» ЖШС-мен Келісімге Қосымша келісімі Келісімді бұзу туралы өтінішті қамтиды. Бірінші рет «Күнделік (Kundelik)» ЖШС-мен Келісімді толтырғанда және жасасқанда Қосымша келісімді толтыруға КЕРЕК ЕМЕС.

Білім беру ұйым «Күнделік (Kundelik)» ЖШС-мен Келісімді бұзуға және білім беру профилін Жүйеден жоюға шешімді қабылдаған жағдайда ғана «Күнделік (Kundelik)» ЖШС-мен Келісімге Қосымша келісімі толтырылады және «Күнделік (Kundelik)» ЖШС-не жіберіледі.

Комментарии