Құпиясөз деген не және оған қандай талаптар қойылады?

Құпиясөз – бұл жеке басын немесе өкілеттіктерді растауға арналған құпиялы сөз немесе таңбалар жиыны. Құпиясөздер ақпаратты рұқсатсыз кіруден сақтау үшін қолданылады. 

Құпиясөз келесідей таңбалардан тұруы мүмкін:

  • кіші латын әріптері;
  • үлкен латын әріптері;
  • сандар;
  • арнайы таңбалар: «!», «@», «#», «$», «%», «^», «&», «*», «(», «)», «_», «+», «?», «|».

Пайдаланушының жүйедегі рөліне байланысты, құпиясөзге арнаулы талаптар қойылады

Қызметкерлер үшін:

  • 8 таңбадан кем емес;
  • 1 саннан кем емес;
  • 1 бас әріптен кем емес;
  • 1 кіші әріптен кем емес;
  • 1 арнаулы таңбадан кем емес;
  • құпиясөздің максималды ұзындығы – 30 таңба;
  • құпиясөз пайдаланушы атымен бірдей болу мүмкін емес.

Ата-аналар мен оқушылар үшін:

  • 6 таңбадан кем емес;
  • сандар немесе латын әріптерінен тұрады;
  • құпиясөздің максималды ұзындығы – 30 таңба;
  • құпиясөз пайдаланушы атымен бірдей болу мүмкін емес.

Құпиясөздер жүйеде 3 күрделілік деңгейіне бөлінеді:

  • Сенімді емес – тек бір тіркелімдегі әріптерден немесе тек сандардан тұрады.
  • Жақсы – тек бір тіркелімдегі әріптер мен сандардан тұрады, немесе ішінде пайдаланушы аты бар (тіркелім маңызды емес), 8 және одан көп таңба.
  • Өте жақсы – тіркелімдегі әр түрлі әріптерден, сандардан және арнайы таңбалардан (кем дегенде біреу) тұрады, ішінде пайдаланушы аты жоқ, кем дегенде 8 таңба (барлық пайдаланушы рөлдері үшін).

Есте сақтау қажет, құпиясөз есте қалатындайғ бірақ күрделі болуы тиіс. Жақсы құпиясөз парақшаны зиянкестердің әрекеттерінен қорғайды.

Құпиясөздің қолданылу мерзімі 3 ай. Мерзім біткеннен кейін, Жүйе құпиясөзді ауыстырып жаңадан енгізуді ұсынады.

Құпиясөзді қалай өзгертуге болады?

Құпиясөзді өзгерту үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

  • тіркелгінің «Параметрлер» мәзіріне өту (шарлау жолағындағы ТАӘ басып, «Параметрлер» бөлімін таңдау);
  • жеке параметрлер бетінде «Пайдаланушы аты мен құпиясөз» қойындысын ашу;
  • ағымдық құпиясөзге қарама-қарсы тұрған «Өзгерту» сөзін басу;
  • жаңа құпиясөзді енгізіп, ағымдық құпиясөзді енгізу арқылы оның өзгерісін растау;
  • «Сақтау» түймешігін басу.

 

11.png

Комментарии